Қазақстанда жаңа мәдени мекеме – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК құрылды. Бұл ғылыми мекеменің директоры қызметін атқарушы болып Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшысы Карл Байпақов тағайындалды.
Мәдениеттерді жақындастыру орталығы қызметінің басты мақсаты музей құндылықтары мен тарихи-мәдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу және насихаттау болып табылады. Сондай-ақ мекеме ұлттық мұраны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мәдени мұра нысандарын сақтау және пайдалану саласында қолданбалы, жобалық, ізденістік, ғылыми зерттеулерді жүргізеді.
Жаңа ғылыми мекеменің басшысы Карл Молдахметұлы Байпақов – Қазақстан мен Орталық Азиядағы орта ғасыр археологиясы саласының маманы. Ол археология жәдігерлерінің сақталуы мен қорғалуына зор үлес қосқан білікті маман. Карл Байпақов халықаралық ғылыми ізденістерінің басты бағытына Ұлы Жібек жолын оның Еуразия мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар аясында зерттеу мәселелері жатады. 2006 жылдан бері «Ұлы Жібек жолы» трансшекаралық номинациясын дайындау бойынша ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшысы болып келеді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

«Артемида-2» миссиясы: Ғарышкерлер Айға жақындап қалды
Әлем • Бүгін, 15:10
2 мыңға жуық: Қазақстан азаматтары Таяу Шығыстың қай елдерінде есепшот ашқан?
Қазақстан • Бүгін, 15:00
Ақтөбе облысында көпқабатты тұрғын үй салынуы тиіс жер мемлекет меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Екі қызметкер зардап шекті: Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:37
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады
Ауа райы • Бүгін, 14:23
Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Психологиялық қолдау: Гвардейск гарнизонында әскерилердің тәртібі талқыланды
Әскер • Бүгін, 13:50
715 заңбұзушылық анықталды: Алматыда автокөліктерге экологиялық бақылау күшейді
Аймақтар • Бүгін, 13:25
I тоқсан қорытындысы: Спортшылар ел қоржынына 200 медаль салды
Спорт • Бүгін, 13:12
«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:33
Шөптікөл бөгетіндегі қазіргі ахуал: Сабынды ауылында су тасқыны қаупі жойылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:17