18 Наурыз, 2016

4 жасар бүлдіршін ештеңе жемей өсіп келе жатыр

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
timthumbШынында да бұл балақай туғалы бері бір тостақ тамақ жеп көрмеген екен. Бұған оның өте сирек кездесетін син­дроммен ауыратыны себеп болыпты. Жасы бүгінде 4-ке келген Окли Лангран туғаннан бастап күніне 100 ретке дейін жүрегі көтеріліп, лоблитынымен дәрігерлерді қатты таң қалдырыпты. Осыған байланысты ол әлі күнге дейін тамақ жей алмайтын көрінеді. Бала дәстүрлі тағамдармен енді тек ойыншық ретінде ойнайды. Аталмыш ауру өте-мөте сирек кездесетін болғандықтан, дәрігерлер оны баланың атымен «Окли синдромы» деп ата­уға ұйғарым жасаған. Нә­ресте өмірге тамағы кеміс бо­лып келген. Мұны мамандар «гастро-эзофагеальді реф­люксті сырқат» деп атап отыр. Бала ауқат жей алмайтын болғандықтан, ата-анасы оған азық-түлік тауарларының пластикалы муляжын береді. Окли онымен ойыншық ретінде ойнайды. Сәбиге нағыз тамақ тек Рождество кезінде ғана ұсынылады. Бірақ Окли оны да қолға ұстап көргеннен артыққа бара алмайды. Осындай кемшіліктеріне орай Окли туған бойда дерлік оның асқазанына бірден та­мақ апаратын арнайы түтік орнатуға тура келген. Ол осы кезге дейін балмұздақтың, шы­рындардың, жемістердің өз дәмдері қандай болаты­нын білмейді. Алайда, бұл жағдай Оклидің көңіл күйі­не титтей де әсер етпеген. Бала­қай көңілді, өмірге құштар, ты­нымсыз болып өсіп келеді. Бұдан бірқатар уақыт бұ­рын Лондондағы Королева колледжі Лангранға операция жасап, оның денесінің ішкі қуысында не бар екенін, құсуға бейім тұрушылықтың неден болатынын анықтауға әрекет жасаған екен. Осыдан кейін оның ұдайы жүрегі көтерілуі қойыпты. Алайда, дәрігерлер әлі күнге дейін бұл синдромның себебін дәл біле алмай отыр. Мұрат АЙТҚОЖА.