АСТАНА. 20 наурыз. Белгілі жаттықтырушы Жозе Моуринью Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен алдын ала келісімге қол қойды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
El Paris басылымының хабарлауынша, Моуринью осы жылдың 1 мамырына дейін өзге командалармен келісімшарт жасаспайтын болса, «Манчестер Юнайтед» басшылығы 6,5 миллион еуро сыйақы береді. Ал 1 маусымға дейін клуб басшылығы португал маманын жаттықтырушы етіп тағайындамаса, өтемақы ретінде 13 миллион еуро төлейді.
Осыған дейін «Челсидің» экс-жаттықтырушысы жаңа командасында үш жылда 60 мллион еуро жалақы алатыны хабарланған.
Айта кетейік, Жозе Моуринью «Челси» клубын екі мәрте жаттықтырған. 2004 жылдан 2007 жыл аралығында Англияның екі дүркін чемпионы (2004/05, 2005/06) атанса, 2007 жылы Англия кубогын, 2005, 2007 жылдары Лига кубогын және 2005 жылы Англия Суперкубогын жеңіп алған. Осыдан соң, 2008-2010 жылдары Италияның «Интер» және 2010-2013 жылдары Испанияның «Реал» командаларында қызмет еткен.
Биылғы маусымда «Манчестер Юнайтед» командасы 29 ойыннан кейін 47 ұпаймен 6-орында келеді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен шыға алған жоқ. Сондай-ақ, Еуропа лигасының 1/8 финалында «Ливерпуль» командасына есе жіберіп қойды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: news.sportbox.ru.
• 20 Наурыз, 2016
Моуринью «Манчестер Юнайтедпен» алдын ала келісімге қол қойды

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10