14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы №370-IV ҚРЗ

394 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конс­ти­ту­циялық Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 6-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкi­леттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыс­ты­рыл­сын; 2-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Жоғар­ғы Соттың, жергілікті және басқа да сот­тардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтама­сыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын; «сот төрағасының» деген сөздерден кейін «Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 9-баптың 1-тармағының 2) тар­мақшасы «соттың» деген сөздің алдынан «аудандық» деген сөзбен толықтырылсын; 3) 10-бапта: 1-тармақтағы «уәкiлеттi органның Қа­зақстан Республикасы Жоғарғы Со­тының Төрағасымен келiсiлген» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» деген сөз­дер­мен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «уәкiлеттi органның» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының» де­ген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «осы сот төрағасының» деген сөздерден кейін «Жоғарғы Сот Төр­ағасымен келісілген» деген сөздермен то­лықтырылсын; 4) 12-баптың 4) тармақшасындағы «об­лыс соттарының әкімшісі» деген сөз­дер «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің» деген сөз­дермен ауыстырылсын; 5) 14-баптың 1-тармағының 9) тармақ­шасындағы «сот» деген сөз «облыстық сот­тың, Астана және Алматы қалалары сот­тарының» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 6) 16-баптың 1-тармағында: 5), 8) тармақшалардағы «облыс сот­та­ры­ның әкімшісі», «облыс соттары әкім­шісін» деген сөздер тиісінше «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысы», «облыстық сот, Астана және Алматы қалалары сот­тары кеңсесінің басшысын» деген сөз­дермен ауыстырылсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесі басшысының қыз­меті туралы есепті тыңдайды;»; 7) тармақша «аудандық» деген сөздің алдынан «облыстық соттың судьясы, » деген сөздермен толықтырылсын; 9-1) тармақшадағы «көрсеткіштері», «заңдылықты бұзғаны үшін екi және одан да көп тәртiптiк жазасы бар» деген сөздер тиісінше «көрсеткіштері бар», «заң­ды­лық­ты ұдайы бұзуға жол берген» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 20-бапта: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нор­ма­ларын сақтау жөнiндегi жұмысты ұйым­дастырады;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазыл­сын: «9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;»; мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) тармақ­шалармен толықтырылсын: «9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уә­кілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді; 9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уә­кілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»; 2-тармақта: 1) тармақша алып тасталсын; 6) тармақша «судьяларды» деген сөзден кейін «және уәкілетті органның қызмет­кер­лерін» деген сөздермен толықты­рыл­сын; 8) 22-баптың 1-тармағының 7-1) тар­мақ­шасындағы «көрсеткіштері», «заңды­лық­ты бұзғаны үшiн екi және одан да көп тәртiптiк жазалары бар» деген сөздер тиісінше «көрсеткіштері бар», «заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген» деген сөздер­мен ауыстырылсын; 9) 29-бапта: 2-тармақ «судьялық жұмыс стажы бар» деген сөздерден кейін «және тиісті облыс­тық соттың жалпы отырысының оң қо­рытындысын алған» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «он жыл судьялық жұмыс ста­жы бар» деген сөздерден кейін «және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қоры­тындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 29-1-баптың 2-тармағындағы «жер­гiлiктi және басқа соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтама­сыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мем­лекеттiк органның» деген сөздер «Жоғар­ғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтама­сыз ету жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 35-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі «беделі» деген сөзден кейін «, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазыл­сын: «3. Судьяның орнынан түсуі: ол қылмыс жасаған немесе сот би­лiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған; өз тiлегi бойынша; Қазақстан Республикасының азаматты­ғы тоқтатылған; ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқ­татылады. Судья кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыр­ған, коммерциялық ұйымның басшы ор­ганының немесе байқау кеңесiнiң құра­мына кiрген, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке тұрған жағ­дайларда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады. Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұ­ру­ды Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асы­ра­ды. Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз бол­ған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көз­делген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.»; 12) 38-баптың бірінші бөлігіндегі «Судья­ларға біліктілік сыныптарын беру, судьяның» деген сөздер «Судьяның» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 40-баптың 1-тармағының 3) тармақ­шасы алып тасталсын; 14) 48-бап алып тасталсын; 15) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын: «56-бап. Соттардың қызметін ұйымдас­тырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдас­тырушылық және материалдық-техни­калық қамтамасыз етуді, сондай-ақ сот статистикасын жүргізуді Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті құратын уәкі­летті орган жүзеге асырады. 2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган мен облыс­тардағы, Астана және Алматы қалала­рындағы соттардың кеңселері құрайды. 3. Уәкілетті органның құзыреті Қа­зақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады. 4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қа­зақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді. 5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құ­қықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.». 2-бап. Осы Конституциялық заң ал­ғаш­қы ресми жарияланғанынан кейін күн­тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 29-ы. №370-IV ҚРЗ