Өзбекстан мен Қазақстан тарихи сабақтастықтағы бауырлас көршілер. Сондықтан, біз тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарына әрдайым тілектестік ниетте жүреміз. Маған ШЫҰ миссиясының өкілі әрі Өзбекстан Олий Мәжілісі халықаралық істер және парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі ретінде Қазақстандағы сайлауға байқаушы болып қатысу ұсынылғанда қуана қабылдадым.
Өзбекстан 2014 жылдың желтоқсанында Парламент сайлауын өткізді. Бізге де көптеген елдерден халықаралық байқаушылар келді. Бұл менің де сайлау жүйесінде біршама тәжірибе жинақтауыма септігін тигізді. Яғни, Қазақстандағы сайлауды салыстырмалы түрде байқауыма мүмкіндік туғанын айтқым келеді.
Астанадан шыққан біздер Қазақстанның көркем өңірі – Бурабайдан жұмысымызды бастадық. Аудан орталығындағы қазақ орта мектебіндегі сайлау учаскесі дер кезінде сайлаушыларды салтанатты жағдайда қарсы алды. Республиканың Әнұранын тыңдадық. Оның әуезінде рухтандырушы қуат бар. Кеше ғана бұлыңғыр көрінген ауа райы да жайнап, келушілердің көңілін шуаққа бөлеп тұрды.
Одан кейін Бурабай кентінде, Зеленый бор поселкесінде болғанымызда да бірінші болып дауыс берген кісіге, саяси науқанға тұңғыш рет қатысушы жастарға сый-сияпат көрсету дәстүрі барлығына тәнті болдық. Сайлау учаскелері мемлекеттік рәміздермен безендіріліп, талап деңгейінде жабдықталған. Шағын дәмханалар ұйымдастырылып, концерттер қойылып жатты. Жұртшылық емен-жарқын көңілмен амандасып, өзінің азаматтық парызын көңіл серпілісі үстінде орындаумен болды. Оқшау көрініс, олқы дүние байқалмады.
Облыс орталығы Көкшетауға келгенімізде де осындай жарқын көңіл ауанында болдық. «Көкшетау» мәдениет сарайының қос қабатында екі сайлау учаскесі орналасыпты. Сайлауды өткізуге жауапты адамдармен, депутаттықтан үміткерлердің сенімді өкілдерімен, жергілікті қоғамдық байқаушылармен пікірлесіп, дауыс беру барысымен таныстық. Белсенділік жоғары екен. Дауыс беру ашық, еркін және демократиялық сипатта өтіп жатты. Мұның барлығы республиканың сайлау туралы заңына, халықаралық нормаларға сай келеді.
Тәжікстаннан келген әріптесім екеуміз түс ауа Көкшетаудағы №1 орта мектептегі және «Достар» мәдениет сарайындағы сайлау учаскесінде болғанымызда сайлаушылардың 60 пайызға жуығы дауыс беріп үлгергенін білдік. Ақпараттық стенд те ұйымдастырылған екен. Халықтың қоғам өміріндегі маңызды оқиғаға белсене қатысатындығы олардың өз елінің саяси өмірінен бейтарап тұрмайтынын байқатады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жарқын табыстарын осымен байланыстыруға болады. Сайлау ертеңгі болашақтың сенімді кірпішін қалаумен бірдей оқиға. Бұл сезім қазақстандықтардың жүрегін тербетіп тұратыны жақсылықтың белгісі.
Республика Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың сайлауы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуінің өзіндік терең мәні бар деп ойлаймын. Өйткені, ел қуанышы еселеніп тұрғандай көрінді. Жылдың жаңаруымен елдің жаңаруы да қатар жүретіні анық. Жалпы, Наурыз баршамызға ортақ мереке. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ойбек ЖҰМАЕВ,
Шанхай ынтымақтық ұйымының өкілі.
Жазып алған
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21