14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №133

530 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 22 сәуір, Астана қаласы «Жылжымайтын мүлiкке өзге де объектiлерге құқықтарды тiркеу туралы өтiнiштiң нысандарын және мазмұнын, тiркеу құжаттарына тиiстi жазба енгiзiлгенi туралы хабарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 236 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын: 1. «Жылжымайтын мүлiкке өзге де объектiлерге құ­қық­тарды тiркеу туралы өтiнiштiң нысандарын және мазмұнын, тiркеу құжаттарына тиiстi жазба енгiзiлгенi туралы хабар­ламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет ми­нистрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы №236 бұйрығына (Нор­мативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзi­лiмiнде №4923 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында, 2007 жылғы, шілде-қыркүйекте жария­лан­ған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: аталған бұйрықтың 1 қосымшасында: көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке тұлға үшiн жыл­жы­майтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпа­лық­тарды) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштің нысанында: «СТН» деген сөзден кейін «, ал болған жағдайда – ЖСН» деген сөздермен толықтырылсын; «Меншiк иесi туралы мәлiметтер қажет пе Иә Жоқ (керек емесiн сызу)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиын­тық баланстық құны Қазақстан Республикасының монопо­лияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетеді ме Иә Жоқ (керек емесiн сызу)»; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініштің мазмұнында сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық ба­ланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қар­сы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кету туралы мәлімет болса, онда өтініш беруші монополияға қар­сы органынан жазбаша келісімін алдын ала табыс етеді.»; аталған бұйрықтың 2 қосымшасында: көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлға үшiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпа­лық­тарды) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштің нысанында: «СТН» деген сөзден кейін «, ал болған жағдайда – БСН» деген сөздермен толықтырылсын; «Меншiк иесi туралы мәлiметтер қажет пе Иә Жоқ (керек емесiн сызу)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жи­ынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының моно­полияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетеді ме Иә Жоқ (керек емесiн сызу)»; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініштің мазмұнында сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық ба­ланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қар­сы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кету туралы мәлімет болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы орга­нынан жазбаша келісімін алдын ала табыс етеді.»; аталған бұйрықтың 3 қосымшасында: тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізу туралы хабар­ла­маның (жеке тұлғаның өтініш берушісі үшін) нысанында: «Тегі, Аты, Әкесінің аты ________________________» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «СТН, ал болған жағдайда - ЖСН»; аталған бұйрықтың 4 қосымшасында: тіркеу құжаттарына тиісті жазба енгізу туралы хабар­ламаның (заңды тұлғаның өтініш берушісі үшін) нысанында: «СТН» деген сөзден кейін «, ал болған жағдайда – БСН» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушы Д.ҚҰСДӘУЛЕТОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6229 болып енгізілді.