Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әлем қазақтарының атынан Елбасын және барша нұротандықтарды 20 наурызда өткен сайлауда «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңіске жетуімен құттықтайды.
Шетелдерде тұратын қандастарымыз тарихи атамекеніндегі саяси науқанға көз тігіп, ел болашағына елеңдеп отырды.
Елбасының сан жылғы сындарлы саясаты кезекті рет халықтың қолдауына ие болып, «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңіске жетуін зор ықыласпен қабыл алды.
Бұл сайлау – әлем қазақтарының көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның алдына қойған барлық стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру жолында маңызды тарихи оқиға.
Осынау сындарлы сәтте әрбір қазақстандықтың дауыс беруге белсене қатысқаны қоғамымыздың жоғары конституциялық патриотизмін танытты.
Ел аумағынан тыс жерлерде ұйымдастырылған сайлау учаскелері туған жерінен жырақта жүрген мыңдаған қазақстандыққа елдің саяси өмірінен тыс қалмай, болашағын айқындауға атсалысуға мүмкіндік берді.
Біз, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, халықтың сенім мандатына ие болған өзге де партияларды жетістігімен құттықтаймыз.
Жаңадан сайланған көппартиялы Парламент «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруда мемлекетімізге қуатты құқықтық тірек болатынына сенім білдіреміз.
Талғат МАМАШЕВ,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Төрағасының орынбасары.
Қазақстан Жазушылары одағы
Біздер, ел қаламгерлері, Қазақстан Жазушылар одағы мен еліміздің зиялы жұртшылығы атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, сондай-ақ, миллионға жуық нұротандықты және барша қазақстандықтарды Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауларындағы айқын жеңісімен құттықтаймыз!
Кеше өрісі кең өркениетке бет түзеген қоғамымыз Болашағы Біртұтас Ел болуда тағы бір тағдыршешті қадам жасады.
Халқымыз Парламенттің жаңа құрамын айқындауға қызу атсалысып, әлем алдында өзінің азаматтық ұстанымы мен ауызбірлігін танытты.
Қазақстандықтардың сайлауға белсене қатысуы демократиялық құндылықтарды биік ұстайтын еңселі ел екенімізді мүлтіксіз дәлелдеді.
Азаматтарымыздың еркін таңдау жасауына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Сайлау ашық және әділ өтті. Оған қатысқан барша партиялар мен үміткерлерге тең мүмкіндіктер берілді.
Осындай әділ бәсекеде «Нұр Отанның» топ жаруы Елбасының сарабдал саясаты халықтың толық қолдауына ие екеніне, оның саяси тірегі – «Нұр Отан» партиясы нағыз халықтық партия екеніне халықтың да, қадағалаушылардың да көзін жеткізді.
Аса күрделі жаһандық ахуалда қазақстандықтар Бірлікті, Тұрақтылық пен Жасампаздықты таңдады. Бұл құндылықтар Мәңгілік Елдің іргетасын қалауда адастырмас темірқазық болары сөзсіз.
«Нұр Отанның» жеңісі – елдігіміздің, ертеңге деген ұрпақ пен ұлт сенімінің жеңісі. Ортақ жеңісіміз құтты болсын!
Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Біз, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты және қазақстандықтарды «Нұр Отан» партиясының жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Халқымыз тағы бір саяси сыннан өтті. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына бір адамдай қатысқан қазақстандықтар құқықтық сауатын танытып, ел болашағын айқындауға үлес қосты.
Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы саяси додаға қатысқан партиялар мен үміткерлерге конституциялық құқықтарын толық пайдалануға тең жағдай жасады.
Осының арқасында әлемдік қоғамдастық Қазақстанның қуаты мықты, экономикасы әлеуетті, саяси жүйесі берік ел екеніне көз жеткізді.
Еліміздегі ең беделді саяси күш, Елбасымыздың саяси тірегі – «Нұр Отанға» дауыс берген қазақстандықтар мызғымас бірлікті, тұрақты даму мен жасампаз болашақты таңдады.
«Нұр Отан» – миллионға жуық мүшесі бар қуатты партия. Оның ұстанған бағыты келешекке деген сенімімізді нығайтып, ұлтымызды ұлы істерге бастай бермек.
Мұрат ЖҰРЫНОВ,
Ұлттық ғылым академиясының президенті.
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы
Мемлекет басшысы мен «Нұр Отан» партиясын сайлаудағы тамаша жеңістерімен құттықтаймыз.
Өткен электораттық науқанның қорытындылары мен азаматтарымыздың сайлауға белсенді қатысулары қазақстандықтардың таңдап алынған реформалар бағытымен ынтымақтастығының көрсеткіші болды.
Өз таңдауларын жасаған Қазақстан халқы әлемге рух бірлігі мен жоғары патриотизм үлгісін паш етті.
«Нұр Отанның» жеңісі азаматтық қоғам институттарының белсенділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, оған барлық қоғамдық күштерді тартуға жағдай туғызады.
Парламент Мәжілісінің жаңарған көппартиялы құрамы 5 институттық реформаны жүзеге асыруға соны серпін беретініне сенімдіміз.
Елбасының басшылығымен, «Нұр Отан» партиясымен бірге еліміздің барлық саяси және экономикалық секторларында нақты өсім қамтамасыз етілетініне ешқандай күмән жоқ.
Әсел ШӘРІБАЕВА, атқарушы директор.
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі
«Бас редакторлар клубы» Мемлекет басшысын, «Нұр Отан» партиясын кезектен тыс сайлауда сенімді де талассыз жеңіске жетуімен құттықтайды.
20 наурызда болып өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлаулары бүкіл электораттық циклдың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетіп берді.
Бұған байқаушы комиссиялардың жұмыстарына белсенді қатысқан көптеген қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, сондай-ақ, біздің әріптестеріміз – журналистердің оң бағамдары айғақ болып табылады.
Сайлаудың қорытындылары қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар бағытының дұрыстығын дәлелдеп қана қоймай, оны бүкіл қоғамымыздың жан-жақты қолдайтынын көрсетіп берді.
Мәжілістің жаңа құрамында нұротандықтар көрсетілген сенім мандатын 100 пайызға орындап, мемлекет дамуының барлық шешуші салаларында жаңғырту бағытын тиімді жүзеге асыратынына сенімдімін.
Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,
«Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстанның бүкіл бизнес қауымдастығының атынан біз Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, барлық нұротандықтарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда заңды жеңіске жетуімен құттықтаймыз.
Өткен электораттық науқан қазақстандықтардың жоғары азаматтық белсенділігінің, елімізді әрі қарай жаңғыртуға өздерінің үлестерін қосуға деген ұмтылыстарының жарқын айғағы болды.
Бүгінгі әлемдік дағдарыс жағдайында депутаттық корпусты жаңғырту – бұл Қазақстан парламентаризмінің тарихындағы жаңа дәуір.
«Нұр Отан» партиясының жеңісі экономикамызды реформалауды әрі қарай сенімді жалғастыруға жағдай туғызып, Елбасының барлық стратегиялық идеяларын іс жүзіне асыруға мүмкіндік беретін болады.
«Нұр Отан» елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі барлық серпінді жобаларды қашанда қолдап келеді.
Бұл партия – нақты істер мен нәтижелердің партиясы.
Президентіміздің партиясымен бірге біз өміріміздің барлық саласын институттық тұрғыдан жаңғырту ісін жалғастыратын боламыз.
Бұл әлемдегі ең озық 30 экономикаға жолдың сенімді бастауы болып табылады.
Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «Атамекен» ҰКП төрағасы.
Қазақстан кәсіпкерлер форумы
Қазақстан кәсіпкерлерінің атынан «Нұр Отан» партиясын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауында тамаша жеңіске жетуімен құттықтаймыз.
Партияның табысы – бұл Елбасы беделінің, реформалар бағыты мен дағдарысқа қарсы реформалау бағдарламаларын бүкілхалықтық қолдаудың көрсеткіші.
Сайлаудың талассыз нәтижелері Қазақстан азаматтарының басым көпшілігінің мүддесін білдіретін еліміздегі жетекші саяси күшке деген жоғары сенімді кезекті мәрте айғақтап берді.
Партияның сайлауалды бағдарламасында мәлімделген барлық бағдарламалық міндеттердің лайықты жүзеге асырылып, елімізде жүргізіліп жатқан 5 институттық реформаның тиімді жүзеге асырылуы қамтамасыз етілетініне сенімдімін.
Жаңа Парламентке табыс пен жемісті жұмыс тілеймін.
Райымбек БАТАЛОВ,
Қазақстан кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы.
«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» қоғамдық қоры
«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» қоғамдық қоры Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және «Нұр Отан» партиясын Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауларында айқын басымдықпен жеңіске жетуімен құттықтайды.
Бұл қуанышты жаңалықты болашағына елеңдейтін әрбір қазақстандық аса зор ықыласпен қабыл алды. Себебі, «Нұр Отан» – елімізді ғана емес, әлемді толқытқан талай тұрақсыз кезеңдерде табысымызды сақтап қана қоймай, еселей түсуге жағдай жасап, халықтың сенімінен шыққан бірден-бір партия.
Сондықтан, жаһанды толқытқан дағдарыс жағдайында қазақстандықтар партияның ұранымен үндес – Бірлікті, Тұрақтылық пен Жасампаздықты таңдады.
Сайлаудағы жеңіс – үлкен жетістікпен қатар, зор жауапкершілік.
Күрделі кезеңде Қазақстанды дамудың дара жолына бастау жауапкершілігі елдегі ең қуатты саяси күш – «Нұр Отанға» жүктеліп отыр. Бұл істе нағыз халықтық партияға тек сәттілік тілейміз.
Мәжіліске енген өзге де партиялардың өкілдері ортақ мүдде төңірегінде ұйысып, халыққа адал қызмет етеді деп сенеміз.
Азат ШӘУЕЕВ,
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры.
Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы
«Нұр Отанның» Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның сайлаудағы тамаша жеңісіне орай өз құттықтауымызды жолдаймыз!
Бұл Тәуелсіз Қазақстан дамуының жаңа кезеңі басталуымен берік үндескен шын мәніндегі тарихи оқиға!
Дағдарысқа қарсы батыл іс-әрекеттер кезеңіндегі қазақстандықтардың таңдауы заң шығарушы және жергілікті өкілді билікке деген халық сенімін тағы бір рет айғақтап берді.
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында ұсынылған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары ұлттық бірліктің өзекті арқауына айналды.
Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Парламент жұмысы отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың, әлемдік жоғары стандарттарға сай келетін жаңа үлгідегі еңбек қатынастарын қалыптастырудың жаңа векторын паш етеді.
Біз Парламент Мәжілісі депутаттарының жаңа шақырылымына сарқылмас қажыр-қайрат және барша қазақстандықтардың игілігі жолындағы жемісті жұмыс тілейміз.
Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ,
Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы.
Қазақстан әйелдерінің Кеңесі
Өз ұйымымыздың атынан біз Мемлекет басшысын және «Нұр Отан» партиясын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы жеңісімен құттықтаймыз.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу біздің азаматтарымыздың Ұлт Жоспары реформаларының бағытын қолдаудағы мақсаттары мен құндылықтарының бірлігін тағы бір рет көрсетіп берді.
Өкілді органдардың сайлауы Қазақстанды дамытудың барлық салаларын институттық реформалаудың іске асырылып жатқан бағытын сабақтастыра жалғастыруы маңызды.
Қазақстан халқы бірліктің, тұрақтылықтың және біздің Отанымыздың игілігі жолындағы жасампаздықтың өзіндік тарихи жолын айғақтады.
Қазір біздің алдымызда татулық пен келісімді нығайтудың ортақ ісін бірлесе жалғастыру міндеті тұр.
Әлемде болып жатқан текетірестер мен жанжалдар, дүниежүзілік нарықтағы экономикалық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан алдағы мақсатқа – тұрақты болашақ пен дәйекті дамуға қарай сенімді түрде ілгері басып келеді.
Бұл біздің Президентіміз бен «Нұр Отан» партиясының еңбегі деп білеміз!
Нина КАЮПОВА,
Қазақстан әйелдері Кеңесінің төрайымы.
«Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі
20 наурызда «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында жарқын жеңіске жетті.
«Нұр Отан» партиясының басты ұрандары – Бірлік, Тұрақтылық және Жасампаздық – қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары қолдауына ие болды.
Қазақстан жастарының атынан Елбасын, «Нұр Отан» партиясын осы жеңісімен құттықтаймыз!
Барлық қазақстандықтар өздерінің белсенді қатысуы арқылы үлкен сенім білдіріп, Мемлекет басшысының дана басшылығымен 5 институттық реформаны іске асыруға, Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған және озық 30 елінің қатарына кіруі орайындағы мақсаттар мен міндеттерге жетуге әзірлігін паш етті.
Халықаралық байқаушылардың оң пікірлері – бұл әлемдік қоғамдастық таныған біздің мемлекетіміздің кемелдігінің айғағы.
Біз, жастар үшін барлық саяси партиялар қатысқан сайлау науқанының жоғары деңгейінің үлгісі ерекше маңызды.
Барлық конституциялық нормалардың іске асырылуы мен Қазақстан азаматтарының сайлау және сайлану құқықтарының сақталуы – биыл біз 25 жылдығын атап өтетін Тәуелсіздіктің аса маңызды жетістігі.
Айдын СӘБИТОВ,
«Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.
«Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі
«Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және «Нұр Отан» партиясының барлық мүшелерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауындағы лайықты жеңісімен құттықтайды.
Елдің жетекші саяси партиясының жеңісі дағдарысқа қарсы тиімді шараларды дер кезінде іске асыруға және Қазақстан Республикасында институттық реформалар бағдарламасын енгізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға көмектеседі деп есептейміз.
Болып өткен сайлау нәтижелері қазақстандық қоғам Елбасы төңірегіне топтаса отырып, барлық қиындықтарды еңсеріп шыға алатынын тағы бір рет көрсетті.
Кезектен тыс сайлау біздің елімізге қоғамды ауқымды жаңғыртудың бастапқы кезеңінде дағдарысқа қарсы парламент жасақтауға мүмкіндік берді, біздің мемлекетіміздің демократиялық құндылықтарға, бірлік пен татулық идеяларына жақтастығын тағы бір рет растай отырып, қоғамды топтастырды.
Тамара ЛАВРИНЕНКО,
«Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
«Жұлдыз» балалар ұйымдарының республикалық одағы
қоғамдық бірлестігі
«Жұлдыз» балалар ұйымдарының республикалық одағы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты өткен сайлаудағы партияның сенімді жеңісімен құттықтайды.
Қазақстан халқы шын жүректен дауыс берді. Партия бағдарламасы елдің таяу болашақтағы дамуының барлық көкжиектерін, соның ішінде, халықты әлеуметтік қолдаудың жай-күйін шынайы бейнелейді.
Біздің ұйымның өкілдері партияның нақты істерінен ана мен баланы қорғау мен қолдау саласындағы барлық мемлекеттік бастамалардың жасампаздық негізін көреді.
Заң шығарушы билік құрамында нұротандықтар алдында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында белгіленген елдің басты реформаларын ілгері жылжыту орайында көп міндеттер тұрғандығы маңызды.
Бұл қазақстандықтардың басым көпшілігінің күткен үмітіне сай келеді және таяу болашақтағы іс-қимылдың нақты ырғақ-серпінін көзге елестеді.
Жаңа Парламентке әлеуметтік реформалардың белгіленген бағытын жалғастыруды және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды тілейміз.
Елена ДМИТРИЕНКО,
«Жұлдыз» балалар ұйымдарының республикалық одағы қоғамдық бірлестігінің президенті.