Мен Ресейдің Макушино ауданында тұрамын. Біраз уақыт кеңшар, шаруа қожалығын басқардым. Зейнетке шықсам да, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысамын. Бірқатар туыстарым Қызылжар өңірінде тұратындықтан, жиі араласып тұрамыз. Қазақстанда өтетін Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысу туралы өтініш түскенде бірден келістім. «Мың естігеннен бір көрген артық» демекші, жақсы өнегелерден тағылым алып, тәжірибеде қолданғанның еш артықшылығы жоқ.
Қорған облысынан ТМД миссиясының атынан 12 байқаушы келіп, саяси науқанға бастан-аяқ қатысу мүмкіндігіне ие болдық. Қызылжар ауданының сайлау учаскелерін аралап, дайындық жұмыстың нәтижелерімен таныстық. Азаматтардың еркін қалауын білдіруге барлық жағдайдың жасалғанын, дауыс беру үдерісінің биік деңгейде өткерілгенін, «ҚР Сайлау туралы» Заң талаптары мүлтіксіз сақталғанын көзбен көрдік. Елді мекендердің қашықтығына қарамастан, қатынауда еш іркілісті байқамадық. Мерекелік көңіл-күйдегі қазақстандықтардың шат жүзін көріп, әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары қалыпты екен деген ой түйдік. Ауылдықтардың қолынан Наурыз көженің дәмін татып, емен-жарқын әңгімеміз жарастық тапты. Қарияларға дейін «төскейде малы, төсекте басы қосылған» екі елдің достығын тілеп, Тәуелсіздіктің арайлы таңына аман-есен жеткендеріне шүкіршілік етеді.
Түрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жүргізген сауалнамаларымен, алдын ала жариялаған қорытындыларымен таныса отырып, ел арасында «Нұр Отан» партиясының бедел-абыройы зор екенін атап көрсеткім келеді. Мұның өзі халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, бағдарламалар мен тұғырнамалардың ойдағыдай орындалып жатқанын байқатса керек. Сайлау қорытындысы бойынша 82 пайыз дауыс жинауы – үлкен сенімнің белгісі.
Боранбай БИЖІГІТОВ,
халықаралық байқаушы (Ресей).
Солтүстік Қазақстан облысы.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47