14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №476

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 15 қараша Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің міндетін атқарушының №224-ө «Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4964 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 ж. 8 қарашада №171 (1200) жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр            С.БАЙМАҒАНБЕТОВ. ҚОСЫМШАЛАР бұйрық476