АЛМАТЫ. 23 наурыз. Бүгін Алматыда Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов «Астана» алаңында 28-ші бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мерекеге арнайы тіккен киіз үйде қонақ болып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Универсиада – студенттер спортындағы ең үлкен дода. Барлық мемлекеттерден спортшылар жиналып, жоғары деңгейде медальдарға таласуы – жарыстың ең үлкен қызығы. Алматыдағы Универсиада – баршамыз үшін үлкен мереке. Универсиада ойындары спорттық мансаптың ары қарай дамуына үлкен серпіліс беретін мүмкіндік. Осы додаға қатысатын барлық спортшыларға сәттілік, жеңіс әрі жақсы нәтиже көрсетуін тілеймін», – деді Универсиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов.
Әлжан Жармұхамедов – кеңес кезеңінің спортшысы, баскетболшы, оның қоржынында халықаралық жарыстардың жүлделері бар. Елеулі жетістіктері – 1970 жылғы Италиядағы Универсиада алтыны мен 1972 жылы Мюнхен Олимпиадасы. Әлжан Жармұхамедов Универсиада ойындарында жеңіске жеткен тұңғыш қазақ спортшысы. Қазіргі уақытта ол Мәскеу қаласының тұрғыны.
Наурыз мерекесінде алаңда 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші қысқы Универсиаданың мерекелік киіз үйі тұрғызылды және алдағы дода жайлы басты ақпараттар және кәде-сыйлар да қойылды.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21