14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бұйрығы №120

510 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2010 жылғы 26 қазан, Астана қаласы «Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы №152 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы Заңының 24-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы №152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4748 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., маусым) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақта «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережеде: атауында «Кітапхана қорларын» деген сөздерден кейін «қалыптастыру,» деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақта «құжаттардың» деген сөзден кейін «қалыптасуы,» деген сөзбен толықтырылсын; 4-тармақтағы «(бұдан әрі – баспа басылымдары),» деген сөздерден кейін «басылымның міндетті тегін данасын (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымның) (бұдан әрі – басылымның міндетті тегін данасы)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақшалармен толықтырылсын: «4-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу және сыйға тарту жолымен жүзеге асырылады. Ұлттық кітапханалардың кітапхана қоры басылымның міндетті тегін данасын алу жолымен де қалыптастырылады. 4-2. Қоры тек қана электронды жеткізгіштердегі құжат­тардан тұратын кітапхана (электронды кітапхана) пайда­ланушылармен жанама түрдегі (қашықтықта) немесе толық емес жанама түрдегі өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып қыз­мет көрсетуді жүзеге асырады. 4-3. Басылымдардың міндетті даналарын дайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына жібереді.». 2-бөлімнің атауында «жинақтау» деген сөз «қалып­тастыру» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақтың бірінші бөлігінде «баспа басылымдары» және «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін тиісінше «,басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақта «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін «,басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен то­лықтырылсын; 9-тармақтың бірінші бөлігінде «баспа басылымдарын» деген сөздерден  кейін «,басылымның міндетті тегін дана­сын» деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақ алынып тасталсын; 13-тармақта «баспа басылымдары» деген сөздерден кейін «,басылымның міндетті тегін данасы» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Мәдениет комитеті белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен соң оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мәдениет вице-министрі А.И.Бөрібаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2010 жылғы 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Ж.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА. ------------------------------------------------------------------ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 қарашада Нормативтік құ­қық­тық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6645 болып енгізілді.