Күнделікті өмірдегі әрбір іс жоспардан басталады. Жоспарсыз жасалған істің нәтижелілігі де аз. Осындай бір ауқымды жоспар Елбасымыздың бастамасымен халыққа қарай жол тартқан «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары» стратегиялық құжаты.
Құжатпен танысқан әрбір қазақстандық азаматтың бойында болашағына деген үлкен сенім оянады. Себебі, Елбасымыздың көрегендігі бұл құжатта да көрініс тапқан.
5 институттық реформаны іске асыру бойынша жасалған 100 қадамның біздің басты стратегиялық бағытымызға айналуы – елдің мерейін үстем ететіні анық. Біз, жастар, әрқашан Елбасының сарабдал саясатының қолдаушыларымыз. Себебі, өскелең ұрпақты міндетті түрде елдің болашағы алаңдатады. Қазіргі таңда әлемде, қала берді елімізде болып жатқан түрлі саяси оқиғалар қарапайым халықты да ойландырмай қоймайды.
Елбасымыз өзінің әрбір сөйлеген сөзінде елдің бірлігі мен халықтың тұтастығы жайында ой қозғайды. «Бірлігі мықты ел озар» деген сөз Мәңгілік Елдің басты қағидасына айналуы тиіс. 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспарында тұрақтылықты сақтау мен халық достығын дамыту басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылған.
Осыдан 8 жыл бұрын Елбасымыздың тікелей бастамасымен құрылған «Жас Отан» жастар қанаты бүгінгі таңда еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдері жастарының басын біріктірген ең ірі жастар ұйымына айналды. Жасотандық жастар тарапынан былтыр Ассамблея жылын атап өту барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Біздің басты құндылығымыз – Тәуелсіздік. Биылғы жыл Еліміз үшін ең ерекше жылдардың бірі. Еліміз еркіндік алып, туымыз тұғырына қонғанына 25 жыл. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тәуелсіздік жолында аянбай еңбек еткен аға буын өкілдерінің ізін жалғап, елдің дамуына үлес қосқысы келетін барлық жасты біздің қатарымызға шақырамыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Нұрғали ЖОЛДАСҚАЛИЕВ,
«Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.
Орал.

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27