Кез келген сайлаудың елдің болашағы үшін маңызы зор. Сол себепті де, оның өту барысына ерекше мән беріледі. Осы ретте Қазақстан азаматы сайлаушы ретінде елімізде өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны лайықты деңгейде өткенін айтқым келеді. Мұны халықаралық байқаушылар да қаперлеріне алып, жоғары бағаларын беруде. Ендеше, кезекті рет сайлауды әділ әрі ашық өткізген Қазақстанды тағы бір саяси белесті бағындырды деуге толық негіз бар.
Осы саяси додада бүкілхалықтық қолдауға ие болып, сайлаушылар дауысының 82,20 пайызын алған «Нұр Отан» партиясын жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл – Елбасының елдің ертеңі үшін қолға алған игі бастамаларының аясына топтасқан барша халықтың жеңісі. Сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасаған қазақстандықтар елдегі тұрақтылық пен татулықты, ынтымақ пен келісімді, бейбітшілік пен бірлікті бүкіл әлемге паш етіп, біздің дұрыс жолды таңдағанымызды тағы бір айғақтап берді.
Сайлауға дауыс берушілердің 77,12 пайызының қатысуы халықтың өз болашағына бейжай қарамайтынын білдіреді. Бұрын-соңды Парламент Мәжілісі сайлауында мұндай белсенділіктің болмағанын ескерсек, бүгінде Қазақстан халқының саяси сауаты артқан, азаматтық міндеттің жауапкершілігін сезінетін, елдің ертеңі үшін алаңдайтын деңгейге жеткенін аңғарамыз.
Аталған сайлауға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы да бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасады. Елдегі мәдениет пен өнердің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан академия қызметкерлері Қазақстанның болашағы жарқын боларына сеніммен қарайды.
Меңінше, «Нұр Отан» партиясының талассыз жеңісі – заңдылық. Себебі, осыған дейін де елімізде айтарлықтай іс тындырып, халықтың қолдауына ие болған партияның бұл жолғы сайлауалды бағдарламасы бүгінгі саяси және экономикалық талаптардың үдесінен толық шығады. Онда дағдарысты еңсеру үшін Елбасы көрсетіп берген стратегиялық реформаларды іске асырудың басым бағыттары, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың негізгі тетіктері және елдің дамуына тың серпін беретін жаңа жобалар көрініс тапқан. Сондай-ақ, халықтың мәдениеті мен рухани өмірі де назардан тыс қалмаған. Сол себепті, халық өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеген партияны таңдады.
Енді Мәжіліс қабырғасына іскер, өз ісінің нағыз маманы, патриот азаматтар келеді деп үміттенемін. Оларға алдағы жұмыстарына сәттілік және жемісті еңбек тілеймін.
Бибігүл НҮСІПЖАНОВА,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.

Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17