Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Отырыста партияның Парламент сайлауына қатысу қорытындылары талқыланды, сондай-ақ, кандидаттардың партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісіне депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды.
Мемлекет басшысы сайлауда «Нұр Отан» партиясына теңдессіз қолдау көрсетілгенін, сондықтан осындай жоғары сенімді ақтау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Президенті сайлау үдерісін 1000-ға жуық байқаушы мен әлемнің 51 елінен 150-ге тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылағанын айтты. Сайлау ашық, жария түрде өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп танылды. Жалпы алғанда, қазақстандықтар бірлігі мен тұтастығын, сондай-ақ, ел дамуына үлес қосуға ұмтылысын паш етті. Мемлекет басшысы жаңа шақырылым депутаттары сенімді ақтауы тиіс екендігін, өйткені, оларға Ұлт Жоспарын тиімді жүзеге асырудың айрықша жауапкершілігі жүктелетінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың бекітілген тізімі барлық талаптар мен өлшемдерге сай екеніне, өңірлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыдан екшелгеніне назар аударды.
Қазақстан Президенті депутаттардың Парламентте жетекші саяси күш – «Нұр Отан» партиясы атынан өкілдік ететінін атап айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы партияның алдына бірқатар міндеттер қойды.
Атап айтқанда, Үкіметпен бірлесіп Ұлт Жоспарын және Бес институттық реформаны жүзеге асыру үдерісін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, қазақстандықтар дауыс берген сайлауалды бағдарламаның уақтылы жүзеге асырылуына атсалысу керек.
Қазақстан Президенті «Нұрлы Жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына партиялық бақылау жасау жұмысын күшейтуді тапсырды.
Мемлекет басшысы халықтың мұң-мұқтажын анықтауға және шешуге жан-жақты атсалысу, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара тығыз іс-қимылды жолға қою қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында Саяси кеңестің бюро мүшелері – Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Башмаков сөз сөйледі.
Саяси кеңес бюросының жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу кезегін анықтау туралы қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы
Астана қаласы 2016 жылғы 24 наурыз №31/127
Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46, және 98-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
қаулы етеді:
- Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары тіркелсін:
1) «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша:
Айсина Майра Арапқызы
Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы
Аронова Ирина Петровна
Ахметов Сапар Қайратұлы
Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы
Базарбаев Асқар Ермырзаұлы
Балиева Зағипа Яхянқызы
Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы
Бектұрғанов Ерсұлтан Өтеғұлұлы
Бижанова Гүлнәр Қадыржанқызы
Бопазов Марат Дәрібекұлы
Бычкова Светлана Федоровна
Дәуренбаев Амангелді Айдарұлы
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы
Дьяченко Сергей Александрович
Ералиев Абзал Жұмашұлы
Ержан Құдайберген Төлепұлы
Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы
Ертаев Бақытжан
Жабағиев Қожахан Көкірекбайұлы
Жаилғанова Анар Нұралықызы
Жақыпов Қабиболла Қабенұлы
Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы
Жарасов Жанат Абдоллаұлы
Жылқышиев Байділдә
Звольский Сергей Адамович
Иқсанова Гүлнәр Мұстахимқызы
Имашева Снежанна Валерьевна
Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы
Казанцев Павел Олегович
Кесебаева Балайым Туғанбайқызы
Клименко Иван Иванович
Козлов Евгений Александрович
Қайназаров Уәлихан Анарбайұлы
Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы
Қаракен Құралай Әнуарқызы
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы
Қаратаев Фахриддин Абдинабиұлы
Қожахметов Арман Төлешұлы
Құрманова Айзада Амангелдіқызы
Құсайынов Серік Досымханұлы
Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы
Махамбетов Мансұрхан Махамбетұлы
Мәкен Бақтияр Мәкенұлы
Мусин Қанат Сергейұлы
Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы
Нұркина Айгүл Қабдешқызы
Нұрманбетова Жәмила Нүсіпжанқызы
Олейник Василий Иванович
Омарбекова Жанат Әнуарбекқызы
Омаров Сапархан Кесікбайұлы
Оспанов Берік Серікұлы
Өксікбаев Омархан Нұртайұлы
Өтебаев Сәкен Нұриұлы
Өтемісов Шауқат Әнесұлы
Платонов Артур Станиславович
Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы
Сабильянов Нұртай Салихұлы
Сапарова Әлия Сүйіндікқызы
Сейдуманов Серік Тұрарұлы
Симонов Сергей Анатольевич
Скляр Роман Васильевич
Смағұл Бақытбек
Смағұлов Асылбек Айжарықұлы
Суслов Александр Васильевич
Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы
Тасболатов Абай Бөлекбайұлы
Теміржанов Мұрат Баритұлы
Тілеухан Бекболат Қанайұлы
Тінікеев Мұхтар Бәкірұлы
Унжакова Ирина Сергеевна
Үмбетов Серік Әбікенұлы
Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы
Хитуов Тарас Киікбайұлы
Чирков Михаил Владимирович
Шарапаев Петр Анатольевич
Шиповских Геннадий Геннадиевич
Шишигина Ольга Васильевна
Щегельский Глеб Анатольевич
Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы
Яковлева Татьяна Ивановна
2) Қазақстан Коммунистік халық партиясының партиялық тізімі бойынша:
Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы
Баймаханова Галина Александровна
Косарев Владислав Борисович
Қоңыров Айқын Ойратұлы
Магеррамов Магеррам Мамедович
Смирнов Виктор Александрович
Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы
3) Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша:
Абсатиров Кеңес Ғарапұлы
Барлыбаев Ерлан Хайланұлы
Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы
Еспаева Дания Мәдиқызы
Қазбекова Меруерт Айтқажықызы
Никитинская Екатерина Сергеевна
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
4) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған:
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы
Божко Владимир Карпович
Жұмаділдаева Наталья Васильевна
Ким Роман Ухенович
Микаелян Наринэ Гамлетовна
Мурадов Ахмет Сейдарахманович
Нурумов Шаймардан Усаинович
Тимощенко Юрий Евгениевич
Хахазов Шакир Хусаинович
- Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына куәліктер және омырауға тағатын белгілер тапсырылсын.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы Б.Мелдешов