Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциясындағы Боао қаласында өткен Боао азиялық форумының 15-ші сессиясына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Өз сөзінде Б.Сағынтаев биылғы жылы «Азияның жаңа болашағы: Жаңа динамика, Жаңа көзқарас» тақырыбында өтіп жатқан Боао азиялық форумы субконтиненттегі өзара іс-қимылдарды тереңдетуге және әлемдік экономиканы сауықтыру жолдарын іздеуге елеулі үлес қосады, деп атап көрсетті.
Азия жаһандық халықаралық қарым-қатынастардың басты алаңына айналуда, ал Қазақстан өзінің айрықша географиялық жағдайын пайдалана отырып, Еуропа мен Азия арасында транзиттік көпір рөлін атқаруға дайын, деп атап өтті бірінші Вице-премьер.
Оның пікірінше, бұл тұрғыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен астасу үдерісі қазіргі заманға сай қадам болып табылады. Ол ынтымақтастықты нығайтуға және ежелгі Ұлы Жібек жолы әлеуетін қайта өркендету жолымен өңір елдерінің әлеуетін ашуға жағдай жасайды.
Оның сыртында БАФ-қа қатысу шеңберінде Бақытжан Сағынтаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен, CITIC Construction компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хун Бомен, Шэньси провинциясының губернаторы Лоу Циньцзянмен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27