Қоғам • 25 Наурыз, 2016

Мәжіліс депутаттарына куәліктері тапсырылды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде VI шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу мәселесі қаралды.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

ERA_2642+

Сонымен қатар, отырыста «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес, Орталық Сайлау комиссиясының қаулысы жа­рияланды. Қаулыны оқыған Комис­сия төрағасы Қуандық Тұрған­құлов: «Біріншіден, VI шақырылатын Қазақстан Республикасы Парла­менті Мә­жі­лісінің депутаттары тіркелсін. «Нұр Отан» партия­сының партиялық тізімі бойынша – 84 депутат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық пар­тия­сының партиялық тізімі бойынша – 7 депутат, Қазақстан Комму­нис­тік халық партиясының партия­лық тізімі бойынша – 7 депу­тат және Қазақстан халқы Ассам­блеясы сайлаған 9 депутат. Екіншіден, тіркелген бар­лық депутаттарға Орталық сай­лау комиссиясының отырысын­да куә­ліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылсын. Үшін­шіден, осы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын», – деді. Осыған орай, партиялық ті­зім бойынша тіркелген және Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы сайла­ған барлығы 107 депутатқа куәлік­тері мен омырауға тағатын бел­гілері тапсырылды. Жиын соңын­да Қ.Тұрғанқұлов барлық де­путатты құттықтап, жұмыс­тарына жеміс тіледі.

Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар