келер жылы Алматыда салынады
Алдағы жылы Алматыда жас сәулетші Айбек Алмасовтың цилиндр тәрізді ерекше үйінің құрылысы басталады. Жан-жағын 360 градуста емін-еркін бақылауға болатын шыны үй 4 қабаттан тұрады. Үйдің қақ ортасында биіктігі 12 метрге жететін қарағай өсіп тұр. Шыны ғимараттың металдан құйылған төрт тіреуіші бар, үйге енгендер айналма баспалдақпен жоғары көтеріледі. Перде ілінбеген, кедергі сүйеніш қойылмаған, қабырға екі қабат шыныдан жасалған. Жоба авторының алға қойған мақсаты – қаланың қажытқан «тас орманынан» бір мезетте сытылып шығып, таза табиғаттың аясында тынығу.
Қазір жобаға екі инвестордың аңсары ауып отырғаны мәлім болды. Олардың бірі шыны қабырғаларға күн батареяларын жапсырып, жасап шығаратын зауыт иесі екен.
Бір сөзбен айтқанда, «ашық-шашық» болғанмен, болашақтың ғимараты саналатын шыны үйде қазіргі талапқа сай энергия үнемдейтін «жасыл» технология молынан пайдаланылады.
Алматыдағы сәулет-құрылыс академиясының түлегі Айбек Алмасов бұған дейін BION-велосипедін жасап шығарған. Келешегінен көп үміт күттіретін жас сәулетші еңбегінің жанатынына сенімді. Оның бес айда құрастырған бұл үйі тапсырыс беруші үшін қазіргі бағамен есептегенде 86 миллион 250 мың теңгеге түсті.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Байқау • Бүгін, 08:59
«Қала хикаялары» байқауы жарияланды
Байқау • Бүгін, 08:58
Көлсай – таңғажайып табиғат тартуы
Туризм • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
Тарих • Бүгін, 08:50
Тілсіз жауға – тегеурінді тосқауыл
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Өнер • Бүгін, 08:45
Өскеменде өнімдер көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым
Зерде • Бүгін, 08:40
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Теңге • Бүгін, 08:37
Талғат Есенәлиев: Технология театрдың мүмкіндігін кеңейтеді
Сұхбат • Бүгін, 08:35
Туризм • Бүгін, 08:33
Тұлға • Бүгін, 08:30
Атырауда BMW көлігі бағанға соғылып, екі жолаушы зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 08:27