Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Болашаққа 25 қадам» іс-шаралар кестесінің «Бабалар ізімен» атты тарихи-мәдени жобасына сәйкес, «Ұлы Дала жастары – Тәуелсіздікті жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті. Жас таланттар арасындағы жыр сайысын облыстық жастар саясаты басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай бірлесіп ұйымдастырды.
Ұлттық өнерді өмірлеріне серік еткен талантты жастардың арасында оқушы да, студент те болды. Сөз сайысына түскен сегіз ақынның толғаған тақырыптары, сөз саптаулары, тың ұйқастары қазылар алқасы мен көрерменнің көңілінен шықты. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені облыстық халық шығармашылығы Үйінің «Жас айтыскерлер» үйірмесінің тыңдаушысы Жақсылық Әлихан қанжығасына байлады. Бірінші орынды М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Нұрбол Жауынбаев, екінші орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің 2-курс студенті Қайырхан Жұбаниязов, үшінші орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің 3-курс студенті Қайрат Қойшыбаев иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тапсырылды. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 20 жылдығына орай тағайындалған 20 мың теңге арнайы сыйлықты Сазды орта мектебінің 10-сынып оқушысы Здиха Наурызалина олжалады. Қатысушылардың барлығы, диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27