«Ғылымы жоқ елдің болашағы жоқ». Әл-Фараби бабамыздан қалған осындай ұлағатты сөз бар. Жасыратыны жоқ, осы күнге дейін ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелерін нақты өндіріске енгізу мәселесі заңды түрде шешілмей келді. Яғни, өнертапқыштар жаңалық ашып жатыр, бірақ іске асып жатқаны сирек. Нақты айтсақ, ғылыми жобалардың нәтижелерін өндіріске енгізу механизмін реттейтін нормативтік құжат болған жоқ. Ал сондай құжат болмағандықтан осы жұмысты қаржыландыру мәселесі де толық шешілмеді.
«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Сондықтан, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуымыз қажет», деген Елбасы Н. Назарбаев инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынған болатын. Міне, енді жақында «Ғылыми және ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң қабылданды. «Бұл заң Қазақстан Республикасындағы ғылыми және ғылыми техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жүйесінің қызметін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ, коммерцияландыру үдерістері мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландырудың мемлекеттік кепілдік берілген қолдау тетіктерін реттейтін болады», дейді бұл жөнінде өнертапқыш Сейітхан Қойбақов.
Профессор Сейітхан Қойбақовтың есімі жамбылдықтарға жақсы таныс. Ғылымға қосқан қомақты үлесі үшін бірқатар марапаттарға ие болған Сейітхан Мелдебекұлы техникалық прогреске қосқан үлесі және өнертабыс саласындағы жемісті қызметі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын алған алғашқы жамбылдық азамат. Сейітхан ағаның ғылымға алғаш түрен салуы өткен ғасырдың 80-інші жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын үздік бітіріп шығуынан басталған. Ғылымға бейім алғыр жігіт канал бетіндегі мұзды бұрғылап, оның қалыңдығын өлшеу, қар үйінділерінің көлемін анықтау, каналдың қай бөлігіне қар қалай түсетінін айқындау үшін бірнеше жыл уақытын сарп етті. Әрине, осынау зерттеу жұмыстарының нәтижелері арнайы формулаларға түсіріліп, одан есеп-қисапқа, көптеген сызулар мен кестелерге, сурет-схемаларға айналды. Ғылыми ізденісте жүрген ол тұңғыш рет борасын қар суыру себебінен гидротехникалық құрылымдарда, автомобиль және теміржолдарда қар үйіндісі пайда болу механизмін анықтап, сол арқылы алғашқы болып қар үйіндісінің есебі методикасын және одан пайда болу қиындықтарды болжау тәсілін ұсынып, соның негізінде қар үйінділерімен күресудің бірнеше жаңа тәсілдерін ойлап тапты. Оның ғылыми жаңалықтарына КСРО және Қазақстанның авторлық патенттері берілді.
Тағы бір айтары, ғылымға тыңнан із салуға талпынып, тынбай биікке өрлеген Тараз мемлекеттік университетінің жас ғалымдары елімізде ең көп патент алады екен. Олар орта есеппен жыл сайын 45-50 патентке қол жеткізеді. Әрине, жастардың бұл жетістігінде осы білім ордасында жемісті еңбек етіп жүрген Сейітхан Мелдебекұлының қосқан үлесі өте зор. Осы оқу орнындағы «Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» корпоративтік қоры соңғы бір жылда өз қызметінің бағыттарының бірін оқушыларды ғылымға тартуға, олардың арасында дарындыларды табуға арнап келеді. Қазіргі уақытта «Жас дарын» жобасы кең қанат жайып келеді. Аталмыш қор Ұлттық бизнес-рейтингтің 2013 жылғы қорытындысы бойынша Жамбыл облысының шағын кәсіпорындарының арасында үздік деп танылып «Сала көшбасшысы – 2013» Ұлттық сертификатымен марапатталған. Сондай-ақ, университетте жастарды ғылымға тарту, ғылымдағы жастарға консультативті көмек беру, жас ғалымдардың құқықтарын қорғау және олардың ғылыми жұмыстарын іске асыруға көмек беру мақсатында 2008 жылы жас ғалымдар кеңесі өз жұмысын бастап, 2014 жылы еліміздегі ғылыми ұжымдардағы және жоғары оқу орындарындағы үздік жас ғалымдар кеңесі деп танылды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27