ТАРАЗ. 24 наурыз. Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» облыстық байқауы өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Байқауға аудандар мен Тараз қаласында өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 16-22 жас аралығындағы 11 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Облыстық байқау Қордай ауданында өтті.
Аудандар мен Тараз қаласынан іріктеліп келген өнерпаздар байқаудың шарты бойынша алдымен прозалық, драмалық жанрлар және мәнерлеп оқу кезеңдері бойынша жарысқа түсті. Барлық үміткерлердің байқауға ерекше дайындықпен келгендіктерін атап өткен жөн.
Облыстық байқауға елордамыз Астана қаласынан Оралхан Бөкейдің қарындасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Ғалия Исақанова арнайы келіп қатысты.
Облыстық байқау Оралхан Бөкейдің шығармаларынан алынған композициямен ашылды.
Алғашқы сында қатысушылар О.Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным?», «Апамның астауы», «Өз отыңды өшірме» т.б. шығармаларынан үзіндіні жатқа оқыды. Қатысушылар «Мұзтаудың мұзбалағы» атанған, қазақ әдебиетінің көркемсөз өнерінде ерекше орын алған жазушының шығармаларына деген қызығушылықтарын көрсете білді.
Поэзия жанры бойынша М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Т.Айбергенов, М.Шаханов өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре орындады. Ал драмалық номинацияда шығарма таңдауға шек қойылмағандықтан, үміткерлер М.Әуезов, Т.Ахтанов, Ғ.Мүсірепов туындыларын арқау етіп, актерлық шеберліктерін барынша көрсетуге тырысты.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Әшімжан Жәнібек, бірінші жүлделі орынды шулық Бодаубек Айкүн, екінші орынды Жамбыл ауданынан Бақытұлы Орынбасар, үшінші орынды Т.Рысқұлов ауданының үміткері Қожаберген Аружан иеленді. Сонымен қатар, әр жанр бойынша да үміткерлер номинациялармен марапатталды.
«Проза оқу үздігі» номинациясында мойынқұмдық Мелдеш Әйгерім үздік атанса, драмалық шығармаларды орындаудағы шеберлігі үшін таластық Сейдалы Шапағаттың және «Мәнерлеп оқу шебері» номинациясы меркілік Ынтықбай Венераның орындауында болды.
Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz

Мемлекет басшысы Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды
Президент • Бүгін, 19:11
Әмір Закиров брейкингтен әлем чемпионатында жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 18:17
Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 17:59
Ұлттық ұландағы ұлықтау кеші: Астаналық сарбаздар үйлеріне қайтады
Әскер • Бүгін, 17:40
Қазақстан құрамасының экс-бапкері жаңа клубты басқарады
Спорт • Бүгін, 17:20
Алматыда студент оқытушыны пышақпен жарақаттады
Қылмыс • Бүгін, 16:55
Петропавлда құтқарушылар 30 градус аязда кәсіпорындағы өртті сөндірді
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:37
Семейде жаңа өндірістік цехы іске қосылды
Экономика • Бүгін, 16:19
Қазақстанда алғаш рет сирек жер металдарын өндіретін ірі кен орны анықталды
Экономика • Бүгін, 14:42
Әлемде алғаш рет арбаға таңылған әйел ғарышқа ұшты
Әлем • Бүгін, 14:13
Қостанай облысында аязда қалған шетелдіктер эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Ең қысқа күн: 21 желтоқсанда қысқы күн тоқырауы болады
Ауа райы • Бүгін, 13:20
Халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Тұлға • Бүгін, 12:55
Пәкістанның экс-премьері Имран Хан мен жұбайы 17 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 12:37