26 Наурыз, 2016

Бас прокуратура бақылауында

2 мин
оқу үшін
Бас прокуратура 2Түрлі бұқаралық ақпарат құрал­дары мен әлеуметтік желілерде бұрынғы полиция қызметкері Манарбек Өтеуовтің Атырау қа­ласы ІІБ қызметкерлері тарапынан жасалған заңсыз әрекеттердің фактілері көрсетілген ашық хаты жарияланған болатын. Осы ретте, Бас прокуратура 2016 жылдың 22 ақпа­нында Атырау облысы прокура­ту­ра­сының Арнайы прокурорлар бас­қармасы Қылмыстық ко­декстің 385-бабының 2-б. (жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу), 361-бабының 2, 4-б. (лауазымдық өкілеттіктер­ді теріс пайдалану), 28 3-б. – 191-бабының 2-б. 3-т. (бөтеннің мүлкін ашық жымқыруын ұйым­дастыру), 191-бабының 2-б. 1,2-т. (күш қолданып тонау), 125-ба­бының 2-б. 8-т. (пайда­күнемдік ниетпен адамды ұрлау), 99-бабының 2-б. 3, 5, 8, 10-т. (адам өлтіру), 362-бабының 4-б. 1, 2, 3-б. (билікті немесе ла­уазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану), 188-бабының 3-т. (аса көп мөлшерде жасалған ұрлық), 380-б. 1-б. (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша Атырау қ. ІІБ криминалды полиция бөлімінің бұрынғы жедел уәкілі М.Өтеуовке және ҚК 188-б. 3-б. (аса көп мөл­шерде жасалған ұрлық) бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы А.Құрбанбаевқа қатысты қыл­мыстық істің аяқталғанын хабарлайды. Үстіміздегі жылдың 29 ақ­па­нында аталған қылмыстық іс Атырау облысының мамандан­ды­рылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қарау үшін жолданған. Сот отырысы 28 нау­рызға тағайындалды. Тергеу барысында күдікті М.Өтеуов бар­лық эпизодтар бойынша кінәсін мойындады. Сонымен бірге, ол Атырау қ. ІІБ криминалды полиция бөлімі қызметкерлерінің қала аумағында әртүрлі қылмыстарды ұйымдастырғанын, бірқатар қыл­мыстық істерді қолдан жаса­ғанын көрсетті. Осы ретте, Арнайы прокурорлар басқармасы ҚК 361-б. 2-б. бойынша қылмыстық істер материал­дарын бұрмалау фактілері бойынша Атырау қ. ІІБ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бас­­тады. Атырау облысының прокуроры үстіміздегі жылдық 8 ақпанында арнайы прокурордың басшылығымен жедел-тергеу тобын құрды, оның құрамына облыстық ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушілері мен жедел қыз­мет­керлері енді. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қылмыстық іс­тердің тергелуі шеңберінде М. Өтеуовтің дәлел­дері тексерілуде, оларға тиісті процессуалды баға берілетін болады. Қылмыстық іс Бас прокуратураның бақылауында тұр, деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50