26 Наурыз, 2016

Сингапур елшісімен кездесті

1 мин
оқу үшін
Төрағасы Қ.ТОҚАЕВ2Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Зулкифли бин Бахарудинді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Сингапур парламенті төрағасының шақыруы бойынша Сенат Төрағасының алдағы (31 наурыз – 2 сәуір) Сингапурға сапарына әзірлік жайы талқыланды. Қ.Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Сингапурмен экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, парламентаралық үнқатысуды дамытуға үміт артады. Елшінің айтуынша, Сингапурда Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының сапарын және оның жыл сайынғы Сингапур форумына қатысуын, Азия құрлығындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша негізгі баяндамасын зор ықыласпен күтуде.
Соңғы жаңалықтар

Бес ауылға су берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:53

Бидің көркем шежіресі

Өнер • Бүгін, 08:45

Өскеменде өнімдер көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Алакөл ажарланып келеді

Туризм • Бүгін, 08:33

Алатаудың бір шыңы

Тұлға • Бүгін, 08:30