28 Наурыз, 2016

Шымкентте мейрамхананың ас мәзірі дауға айналды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28.03.2016 OQO-1 ШЫМКЕНТ. 28 наурыз. Шымкенттегі жаңадан ашылған мейрамхананың «Қызыл кітапқа» еңген жануарлар етінен дайындалатын ас мәзірі әлеуметтік желіде пайда болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады Ас мәзірінде аю, қабан, марал етінен бөлек өзі де құрып бітуге айналған киік еті де бар. Алайда, мейрамхана әкімшілігі, «Қызыл кітапқа» енген аңдардың етінен тағам әзерлеу ауыр қылмыс екендігін, әлеуметтік желідегі мәзірдің жаптым жала екендігін айтып ақталуда. Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі осы жағдайды анықтау үшін мейрамханаға арнайы келіп, ас мәзірінен әлгі тағамдарды көрмегенін айтады. Ол бұл хабардың есепке алынғанын, анықтау үшін облыстық ішкі істер департаментіне жолданғанын айтты. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz