15 Қаңтар, 2011

Астаналық Әзілхан!

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов ағамыз үшін өткен жылдың 15 желтоқсаны төрт бір­дей қуанышқа кенелген керемет күн болғаны белгілі. Біріншісі – өзінің дүние есігін аш­қанына 88 жыл толса, екіншісі – Елбасы қолынан «Отан» орденін алды. Дәл осы күні «Хабар» телеар­насы «Сонымен, солай дейік...» бағдарламасы бойын­ша Әзаға­ның «Махаббат, қызық мол жыл­дар» романының жа­рық көрге­ніне 40 жыл толуына орай 45 минуттік тағылымды хабар көрсет­ті. Осынша қуа­ныш­тың ізін ала тағы бір сүй­інші хабар жетті. Астаналық Жә­лелхан Райханов пен Әлфия Мырзабаева немерелі болып, сә­биге Әзілхан атасының есімін қой­ыпты. Кезінде «махаббат ұра­нын» жаттап алғандай етіп тұ­шы­нып оқыған қызылшақа Әзіл­хан­ның әке-шешесі Бекзат пен Ди­наның шаттығында шек жоқ. Тап бір үйлеріне Әзілхан атасы еніп келгендей, мәре-сәре. Екпіні тө­бе­дегіні жерге түсірердей осы төрт бірдей қуанышты қазақша ырым­ға балап айтсақ, «ақ түйенің қа­рыны жарылған күн» екен-ау! Алматыдағы Әзағаң «Өзінің» бесікке «бөленбек» күнін естігенде, көше шарлап, сәби бұйымын сатып алыпты. Балаға жаялық бол­сын деп, үстінен шешкен бір көйлегін ырымдап қоса жібермекке дайын­дайды. Ал сәбидің ар­дақты атасы Жәлелхан заманда­сына етегіне орап, ертегі айтып берсін деген тілекпен шапанды және бөлек қоя­ды. Осы сый-сияпатының ба­сын қосып, поштамен Астанаға іле жөнелтіп жібереді. Сәлемде­ме­мен ілесіп «Өс! Өс! Өс! Ай­на­лай­ын, сәби Әзілхан. Өсіп, ержетіп, XXI ға­сырдың атақты, ар­дақты, абы­ройлы азаматы бол, ат­та­сым!» деген ыстық лебізі, жү­рек­жар­ды батасы және бірге кетеді. Бүгіндері аттастарға таңыр­қаудың өзі қиын. Мұндай өне­генің қаншама мысалдары жетіп артылады. Ал солардың іш­інде мынадай төрт бірдей оқи­ғаның үндесе кетіп, рухани қабысуы сирек-ау, сирек! «Егемен-ақпарат». Астана.