29 Наурыз, 2016

Пәкістандағы адам айтқысыз қасірет

280 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
World News - Jan. 19, 2016Пәкістанның Лахор қаласында аса ірі террорлық акт жасалды. Қаладағы саябақта жасалған жарылыс салдарынан, соңғы мәлімет бойынша, 71 адам көз жұмса, оның 25-і бала көрінеді. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» агенттігі хабарлады. 300-ден астам адам жарақат алған. Ауыр жараланғандар да көп секілді. Сондықтан, құрбандықтар саны арта түсуі ықтимал делініп отыр. Ал жарылысты жанкешті саябаққа кіреберіс жерде жасапты. Өйткені, билет сататын касса маңында кезек күткен адам көп болған. Лаңкестің қаза табатындар көп болсын деген мақсатпен әдейі сондай адамдар көп шоғырланған жерді таңдағаны аңғарылады.  Алдын ала мәліметке қарағанда, терроршы 8-ден 10 килограмға дейінгі жарылғышты жарған. Жарылысқа жауапкершілікті «Талибанмен» байланысы бар «Джамаат-уль-Ахрара» лаңкестік тобы өз мойнына алыпты. Пальмира қаласы азат етілді Лондон қаласының мэрі Борис Джонсон Сирия әскерилері мен президент Башар Асадты Пальмира қаласын азат еткені үшін мақтап, мадақтады. Сондай-ақ, ол бұл үдерістегі Ресей мен президент Владимир Путиннің рөлін де атап өтті. Бұл туралы Британия астанасының басшысы «The Telegraph» газетіндегі өзінің бағанасында жазған. Б.Джонсонның жазуынша, Асадтың да адам сүйер қылығы жоқ. Дей тұрғанмен, «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) делінетін қанішер топтың қаталдығы мен қанқұйлылығы секілді жауыздықты әлем әлі көзбен көрген жоқ. Осы себепті, Сирияның үкіметтік әскерлерінің жеңісіне амалсыз қуанасың. Лондон мэрінің пікірінше, «Ислам мемлекеті» секілді лаңкестік топтар жер бетінен түп-тамырымен жойы­луы тиіс. Шарайна-2Үндістанда жаңа зымыран сыналады Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ресей мен Үндістан бірлесіп жасаған BrahMos зымыранының авиациялық нұсқасы сынақтан өткізіледі. Бұл туралы BrahMos Aerospace консорциумының атқарушы директоры Судхир Кумар Миш­ра мәлімдеді, деп хабарлады Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігі. Өткен жылдың наурыз айында Су-30 әскери ұшағының конструкциясына бірқатар өзгеріс енгізіліп, зымыран тасығыштың қуаттылығын арттыру көзделген болатын. Сөйтіп, Үндістанның аталған корпорациясының пайдалануындағы 42 Су-30 ұшағын қайта жаңғырту туралы шешім қабылданып отыр. Бұл үшін Үндістан тарапынан 1,1 миллиард доллар бөлінеді. BrahMos қанатты зымыраны Үндістанда Ресей тарапының қатысуымен жасалады. Қысқа қайырып айтқанда:
  • Алжирде әскери тікұшақтың апаты салдарынан 12 адам қаза тауып, 2-еуі жараланған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Алжир қарулы күштері штабының бастығы апат бойынша тексеру жүргізуді тапсырды.
  • Ағылшынның «The Independent» газеті Сирияның Пальмира қаласының азат етілуін үндемей қарсы алған АҚШ президенті Б.Обама мен Ұлыбритания премьері Д.Кэмеронды сын тезіне алды. Басылымның ұстанымынша, Еуропаны дірілдеткен лаңкестердің жеңілісіне үнсіздік таныту – мүлдем жараспайтын қылық.
  • Ресейдің «Аэрофлот» әуе компаниясы Қазақстан Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті тиісті рұқсат бергеннен кейін Қазақстанға ұшуларын қайта қалпына келтіретін болды. Тұрақты ұшулар рұқсат беру мерзімі аяқталған 26 наурыз күні түстен кейін тоқтатылған еді.
  • Ресейдің Челябі облысында 6 жасар баланың анасы ұлым жұмаққа барады деген көрсоқырлықпен оны өлтіруге барған. Әйелдің сөзіне қарағанда, түнде ол балаң жұмақта болуы тиіс деген дауыстар естіпті-міс. Тексере келгенде, әйелдің марихуана қолданғаны белгілі болған. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалыпты.
Шарайна-3Сегіз немере-жиені бар үміткер АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп кезекті мәрте ата атанған. Бұл туралы «Ассошиейтед пресс» агенттігі хабарлады. Джаред Кушнермен некеде тұрған мил­лиардердің қызы Иванка Трамп өмірге үшінші сәбиін әкелген. Жалпы алғанда, бұл пре­зиденттіктен үміткердің 8-ші немересі екен. Иванка Трамп – кәсіпкер, фотомодель және жазушы көрінеді. Дональд Трамптың бес  баласының бірі. Ал Иванка Трамп өмірге бала әкелгендері үшін жұбайы Джаред Кушнер екеуі өте бақытты екендіктерін айтып отыр. Ал Кушнердің немен айналысатыны туралы бұл ақпаратта ештеңе айтылмайды. 69 жастағы Дональд Трамп екі рет үйленген. Алғашқы некесінен үш бала сүйсе, 45 жастағы екінші әйелінен екі баласы бар. Турист тартудың жаңа амалы Вьетнам билігі Ресейден туристер тартуға шешім қабылдады. Ол үшін ресейліктерге соғыс болған жерлерге экскурсия жасатпақ. Вьетнам туризм комитеті басшысының орынбасары Нгуен Куок Хангтың сөзіне қарағанда, Вьетнамдағы 60-70-жылдардағы соғыста КСРО үлкен көмек көрсеткен. Сондықтан, дейді Нгуен Куок Ханг, соғыс болған жерлерді көздерімен көруге қызығушылық танытатын ресейліктер аз болмауы тиіс. Бұдан бөлек, Вьетнам ресейлік туристерге шығыс медицинасы бойынша қыз­мет ұсына алады. Туристер үшін 2015 жылдың желтоқсанынан бастап Фукуок аралында   аң-құстың 540 түрі бар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ал­ғашқы және жалғыз сафари-парк жұмыс істей бастаған. Шетелдіктерге осының өзі үлкен қызығушылық тудыратын жайт болса керек. Шарайна-4Кушанашвилиге Украинада орын жоқ Украинаның қауіпсіздік қызметі ресейлік журналист Отар Кушанашвилидің Украинаға кіруіне тыйым салды. Тыйым мерзімі – 3 жыл. Бұған дейін Украина Жоғарғы радасының депутаты Мұстафа Найем Кушанашвилиге қатысты осындай шара қолдану қажет деген тұрғыда мәселе көтерген екен. М.Найем – Украина президенті Петр Порошенконың блогынан депутат. Оның мұндай мәселе көтеруінің себебі, шетел азаматы бөтен мемлекет – Украина премьер-министрінің ашық түрде ар-намысына тиген. Өзінің сөзіне айғақ ретінде М.Найем ресейлік журналистің телеарна эфирінен айтқан мына сөзін келтіреді: «Мен бармақшы болып отырған ел премьер-министрінің тек бір көз салысы ғана елдегі психопатия деңгейінің өте жоғары екенін білдіретін секілді». Интернет материалдары негізінде әзірленді.