15 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №450

296 рет көрсетілді
2010 жылғы 15 шілде, Астана қаласы «Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі №523 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Шошқалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Ауыл шаруашылығы минис­трі­нің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі №523 бұй­рығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №3178 тіркелген, 2005 жылғы 13 қазанда «Заң газетінде» №125 (749) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспедегі «8 тармақшаларына» деген сөз және сан «9) тармақшасына» деген сөз және санмен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазыл­сын: «2. Қазақстан Республикасы Ауыл ша­руашылығы министрлігінің Агроөнеркә­сіп­тік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнер­кә­сіп­тік кешендегі мемлекеттік инспекция ко­митетінің облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық инс­пек­цияларымен бірігіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шош­қалардың аскаридозын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесінде: 2-тармақтағы «копроовоскопия» деген сөз «зертханалық зерттеулер» деген сөз­дермен ауыстырылсын; 3-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жа­зылсын: «1) рационға құрамы бойынша витаминдермен және минералдық заттармен балансталған азықтарды енгізеді;»; мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) жаңадан келген жануарларды 30 күнтізбелік күн ішінде профилактикалық карантинге қояды және гельминттерге зертханалық зерттеулер жүргізеді; 9-2) әрбір фермада санитарлық торап­тарды жабдықтайды;»; 5-тармақта: 1) тармақшадағы «гельминтокопро­ло­гиялық» деген сөз «зертханалық» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «гельминтокопроско­пиялық тексеру» деген сөздер «зерт­ханалық зерттеулер» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтың 1) тармақшасындағы «гель­­минтокопрологиялық тексерілуден» деген сөздер «зертханалық зерттеулерден» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл ша­руашылығы министрлігінің Мал шаруа­шылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Токсеитова Р.Ә) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәр­тіппен Қазақстан Республикасы Әділет ми­нистрлігінде мемлекеттік тіркеуді қам­та­масыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жария­ланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің м.а. М.ОРАЗАЕВ. ------------------------------ Бұйрық Қазақстан Республика­сы­ның Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6384 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар