атанған көрікті жерлер National Geographic журналына енді
Қазақстанның ең көрікті саналған 5 түрлі мекені әлемге әйгілі National Geographiс журналының ресейлік нұсқасынан орын алды. Олардың кең-байтақ республикамыздың төрт тарабы іспеттес төрт мүйісіне қоныс тепкен. Көркемдігіне көз тоймайтын әсем орындар Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласын қамтиды.
Журнал алқасының ұйғарымы бойынша, қазақ жерінің ең көркем мүйістерінің көшін бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын, 1911 жылы орын алған жер сілкінісінен кейін пайда болған Қайыңды көлі бастайды. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жердегі Күнгей Алатау баурайының жан-жағын қарағай мен жапырақты ағаштар орманы қоршаған атырабында орналасқан бұл су қоймасы шынында ғажап!
Екінші орын – Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында ХІV ғасырда салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне берілген. Кезінде атақты Әмір Темір Көрегеннің күш салуымен тұрғызылған мавзолейдің келбеті күні бүгін де ерекше асқақ көрінеді. Үшінші орынды Балқаш қаласының солтүстігінен 70 шақырым жерде орналасқан Бектау ата тауы алып тұр. Айналасын шөл даланың көрпесі қымтап жатқан алаптағы андағай тау алыстан керемет сұлу болып көз тартады. Оның жанында бұлаңдап жатқан шағын көлдің бұл сұлулыққа қосар өзіндік үлесі де бар.
Зерттеушілер төртінші орынға Маңғыстау облысындағы Оғланды елді мекенінде орналасқан Бекет ата мешітін лайықты деп тауыпты. ХVІІ ғасырда бой көтерген бұл ескерткіш кесененің әдемілігіде шек жоқ. Және оның орналасқан аумағының ерекше екенін қоса айтқымыз келеді.
National Geographic журналының қызметкерлері түзген қазақстандық бес кереметтің көшіне Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументі тиянақтап тұр. Еліміздің соңғы ғасырдағы ең ғажайып ғимараттарының бірінен саналатын, елорданың алқасы іспеттес бұл мекеннің аталмыш тізімге енуінің өзінде символдық мән жатыр. Қазақ елінің асқақтығы мен ертеңге қол созған үмітінің үзіріндей болып тұрған келісті кешен әрбір отандастың көкірегіне қуаныш сәулесін ұялатады. Осының бәрі – біздің мақтанышымыз!
Мұрат АЙТҚОЖА.

Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Футбол • Бүгін, 15:33
«Қазақмыс» Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 15:24
Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады
Экономика • Бүгін, 15:18
Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32