Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бюро мүшелерімен кеңес өткізді, онда Парламенттің V шақырылымы кезеңіндегі Сенат қызметінің нәтижелері қорытындыланды, сондай-ақ, палата жұмысының жоспары қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Кеңесте бесінші шақырылымда Сенат 127 отырыс өткізгені, онда 508 заң жобасы мен Сенаттың ерекше және дербес қарауына жататын 50-ден астам мәселе қаралғаны атап өтілді. Шақырылым кезінде Парламент 7 кодекс, 59 дербес заң, кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 205 заң, халықаралық шарттар мен келісімдерді ратификациялау туралы 237 заң қабылдады. Олардың ішінде 30 заң Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында Парламент 2015 жылғы күзде 59 заң қабылдады. Шақырылым кезінде 484 депутаттық сауал жария етіліп, жоғарғы палатаның тұрақты комитеттері 120-дан астам шара өткізді.
2016 жылғы 21 қаңтар мен 24 наурыз аралығындағы Парламенттің қызметін атқарған кезеңде Сенат 57 заңды қарап, қабылдады. Бұл уақытта заң жобаларын қараған кезде сенаторлар 1490 түзету енгізді. Қ.Тоқаев құжаттармен жұмыс барысындағы жемісті жұмысы үшін комитет төрағалары мен барлық депутатқа алғыс айтты.
Заң шығару қызметінің жоспары жайында айта келіп, Сенат Төрағасы 25 наурызда Парламенттің VI шақырылымындағы бірінші сессияны ашарда Президент Н.Назарбаев алға қойған міндеттерді еске салды. Бірыңғай салық және кеден кодекстерін, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодексті қабылдау, электр энергетикасы, бәсекелестік мәселелері туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ, бәсекелестік ортаға мемлекеттік міндеттерді одан әрі беру бөлігіндегі заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтылды.
«Мемлекет басшысы жаңа жағдайда тұтастай Парламенттің және оның палаталарының жалпы саяси рөлі мен жауапкершілігі арта түсетінін ерекше атады және заң шығару үдерістерінде өзара сындарлы іс-қимыл дәстүрі жалғасатынына сенім білдірді», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қазақстандық депутаттардың халықаралық парламентаралық қоғамдастыққа белсенді қатысуы да маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Кеңесте Сенаттың сәуірге жоспарланған шаралары да талқыланды. Бюроның тапсырмасы бойынша Сенат «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны іс жүзіне асыру» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауға әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Сенаттағы тыңдау 29 сәуірге жоспарланды.
Кеңесті қорытындылай келіп, Сенат Төрағасы жаңа парламенттік маусымда депутаттардың үйлесімді әрі өнімді жұмыстары жалғасатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Президент • Бүгін, 14:05
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Әскер • Бүгін, 13:56
Мемлекет басшысы : Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Президент • Бүгін, 13:50
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент • Бүгін, 13:43
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Сайлау • Бүгін, 13:37
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент • Бүгін, 13:32
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс
Ғылым • Бүгін, 13:22
Президент: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 13:17
Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды
Кәсіпкер • Бүгін, 13:10