Мәнерлеп сырғанау. Бүгін АҚШ-тың Бостон қаласында әлем чемпионаты жалауын көтереді. Бірінші күні спортшылар бишілердің мұздағы қысқа бағдарламасынан сынға түседі. Бұл жарысқа Қазақстаннан Дарын Жүнісов пен Анастасия Хромова шығады. Келесі күні ерлер арасында қысқа бағдарлама жарыстары өтеді. Онда айдынға Олимпия ойындарының қола жүлдегері Денис Тен шығады. Сол күні тағы бір отандасамыз Элизабет Тұрсынбаева әйелдер арасындағы жарысқа қатысады.
Хоккей. Қарағандының «Сарыарқа» клубы келесі маусымда жоғарғы хоккей лигасында ойнамайды. Команда басшылығы биылғы күзден бастап премьер-лиганың жарыстарына қатысу туралы өтініш берді. Бұл сынға Қарағандының жасағы Омбының «Авангард» командасының фарм-клубы ретінде өнер көрсетеді. Премьер-лига Құрлықтық хоккей лигасы командаларының фарм-клубтары қатысатын жарыс болады. Ол биылғы күзден бастап алғаш рет өткізіледі.
Волейбол. Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Биылғы маусымда Өскеменнің «Алтай» командасы чемпион атанды. Олар екінші финалдық кездесуде былтырғы Қазақстан чемпионы Талдықорғанның «Жетісу» клубын 3:0 есебімен ұтты. Үшінші орынды «Ертіс-Қазхром» командасы иеленді. Павлодарлықтар «Қарағанды» клубын 3:0 есебімен жеңді.
Теннис. Қазақстандық Александр Недовесов Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінде ширек финалға шықты. Ол финалдың 1/8 бөлігінде ресейлік Алексей Ваутиннен 6:7(3), 7:6(4), 6:1 есебімен айласын асырды. Оның алдында отандасымыз италиялық Флавио Чиполлды 6:4, 6:3 есебімен жеңген. Енді ширек финалда Недовесов Германия өкілі Тобиас Камкемен кездеседі. Турнирдің сыйақы қоры – 40 000 АҚШ доллары. Ал АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турнирінде Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин босниялық Дамир Джумхурдан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірінші сетте Кукушкин қарсыласын 6:4 есебімен жеңсе, одан кейінгі сеттерде 6:1 және 6:2 есебімен есе жіберді.
«Егемен-ақпарат».

Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43