Қостанай өңіріне қауіп төндіріп тұр
Биылғы мешіннің мінезі Қостанайға жеңіл тиіп тұрған жоқ. Осы өңірдегі ақсақалдар өткен қыстағыдай көп қарды еске түсіре алмады. Әдетте, Тобыл өңірінде жауған қар жылда тобықтан төмен болмайтын. Дегенмен, осы қыста жауған ұлпаның сұрқы бөлек. Мамандардың айтуынша, өткен жылдарға қарағанда, екі-үш есеге дейін көп түскен. «Наурыздың ақша қары» да, «құсқанаты» бір емес, бірнеше рет жауып кетті. Енді ауа райын болжаушылар наурыз айының соңында жауған қардың аяғы жаңбырға ұласады деп отыр.
Тобыл-Торғай өңірінде биыл су тасқыны қаупі күшті. Облыстың оңтүстігіндегі Торғай өңірінде қар еріп, су тасып жатыр. Мамандар судың жайылғаны болмаса, аса қаупі жоқ екенін айтты. Ал облыстың солтүстік аудандары – Тобыл өңірінде қардың мұрты бұзылғанымен көбесі сөгілген жоқ, қарғын судың қозғалысы баяу.
– Қазір Қаратомар су қоймасына секундына 50 текше метр су жіберіп жатырмыз. Бұл су қоймасында 470 миллион текше метр су сиятын орын бар. Гидрологтар да биылғы қар суының көлемі осы шамалас екенін айтуда. Қар көбесі сөгіліп, қарғынның қозғалысы күшейген кезде су қоймасына секундына 100 текше метрге дейін су кететін болады. Су тасқыны қаупі де сол кезде күшейе түседі, – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай филиалы директорының орынбасары Жамбылбек Райымқұлов.
Ал Қостанай қаласына көктем ертерек келген секілді. Қаланың іші дел-сал еріп жатыр. Қостанайдың кейбір көшелерінде, шағын тұрғын аудандарда еріген қар суынан адамдардың жүріс-тұрысы қиындаған. Техникалар барынша бөлініп, әлі де қар шығару жұмыстарымен айналысуда. Наурыз айының ортасынан бастап қаладан 40 мың текше метр қар сыртқа тасылды.
Ауа райын болжаушылар Тобыл өңірінде «сәуір болмай тәуір болмайтынын» айтты.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Футбол • Бүгін, 15:33
«Қазақмыс» Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 15:24
Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады
Экономика • Бүгін, 15:18
Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32