Жастар саясатын жүзеге асыруда жергілікті билік тиімді шаралар қабылдауда. Осы орайда жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесімен айналысып, дарынды өскелең ұрпақтың әлеуетін ашатын «Ақтөбе жастары» КМК өз жұмысын бастады.
Облыс орталығындағы аула клубы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құрылған болатын. Аула клубының ғимаратын «Батыс-2» ауданы «Степной» тұрғын үй алабы №6 «Г» үйінің құрылысын салған «Соллерс» ЖШС мемлекеттік меншікке тегін берді. Клубтың аумағы 450 шаршы метрді құрайды, «ҚИК» бағдарламасымен салынған аула клубы тұрғын үйдің бірінші қабаты мен жертөлесінде орналасқан.
Орталықта жаттығу залы, хореография, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, сурет, домбыра үйірмелері, сондай-ақ, қаладағы жастар ұйымдары мүшелерінің бас қосып, арнайы семинар-тренингтер өткізетін бөлмелері орналасқан.
Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажеттігін атап өтті.
– Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел болашағының баянды болуы жолында жастарға ерекше сенім артып, жағдайын жасауға баса назар аударады. Елбасының жыл сайынғы жолдауларында, маңызды стратегиялық құжаттарында басым бағыттарды жастармен байланыстыруы осының айқын дәлелі, – деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақтөбедегі екі тұрғын үй кешенінде жастар орталығын ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, «Нұр-Ақтөбедегі» клубқа беріліп отырған ғимаратты бейімдеп, жабдықтау үшін 34 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. №11 шағын ауданындағы 2 қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 65 миллион теңге бағытталады. Осы жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығында тағы да екі аула клубын ашу көзделуде.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57