30 Наурыз, 2016

Пайдасы зор шаралар Ел мұны біле ме?

400 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
 ЦОНБүгінде ішкі істер саласының құзыреті артып, құрығы ұзарды. Бәрінен бұрын адамның құқын нақ­ты қорғауға бағытталған жаңа заңдар қабылданып, халық көңі­­лінен шығатын тәртіп пен іс-шаралар жүзеге аса бастады. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауыз толтырып айтуға әбден болады. Осыған орай кеше Ішкі істер министрінің орын­басары Ерлан Тұрғымбаев атқарылған және алда атқарылуға тиісті деп қолға алынған жұмыс­тар барысы туралы айтып бер­ді. Журналистер тарапынан қо­йы­­­­латын сұрақтарға нақты жауап қайтаруды көздеген орын­­басар ми­нистр­ліктің бар коми­тет­терінің басшылары мен қосшы­ларын да ертіп алыпты. Ал осы­ған сәй­­кес, негізгі тақырып Мем­ле­кет бас­шысының Бес инс­титуттық реформаларды іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарындағы ішк­і істер органдарына жүктелген мін­деттердің орындалу барысы болды. Жалпы, бүгінде полиция ор­­ган­­дары барлық қылмысты іс­тер­дің 90 пайыз тергеуін жүзе­ге асыруда, адамдар полиция қыз­меткерлерімен автокөліктерін, рұқ­сатнамаларды, көші-қон құ­жат­тарын ресімдеу кезінде және басқа да көптеген мәселелер бо­йынша тығыз байланыс жасай­ды. «Ішкі істер органдары туралы» жаңа заңда ІІД міндеттеріне өзгерістер енгізілді және бірін­ші кезекте адамды, оның өмі­рін, құқыққа қайшы қол сұғу­шы­лықтардан құқықтарын қорғау алға қойылды. Жаңа қылмыстық заңнамаға сай полиция, басқа да құқық қорғау, сот органдары сияқты жаңа қылмыстық сот өндірісі үлгісі жағдайында жұмыс істеуде. Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстері, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жаңа нормалары қолданылуда. Жаңа Қылмыстық кодекс заңнаманы ізгілендіруге, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау түр­лерін кеңейтуге бағытталған. Бірінші рет Қылмыстық кодекске әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстық теріс қылықтар деп аталатын 125 құрам енгізіл­ді. Оларды жасағаны үшін айып­пұл, түзеу жұмыстары түрін­де жауапкершілік көзделеді. Қыл­мыстық сот өндірісінде про­цес­тік прокурор, тергеуші судья тәріз­ді жаңа мамандар пайда болды. Бұл жаңа қылмыстық және қыл­мыс­тық-процестік заңнаманың негізгі міндетін атқаруға, қыл­мы­с­тық сот өндірісіндегі процестерді жеңіл­детуге және жеделдетуге, тер­геу кезінде әуре-сарсаңды бол­дыр­мауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Бес институттық рефор­маларды іске асыру шең­­берінде кешенді шаралар қа­был­дануда. ІІМ қызметін ба­ға­лауға «халық сенімінің дең­гейі» көрсеткіші енгізілді. Соны­мен қатар, заңнама мен құ­қық­тық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес бо­йын­­ша тікелей міндеттерін жүзеге асырады. Бүгінде поли­ция ха­лыққа 20-дан астам мем­лекет­тік қызмет көрсетіп отыр. ХҚКО арқылы жеке басты куәлан­дыратын құжаттар, мекенжай анықтамалары, тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметтері ұсынылады. Елімізге жеке тұл­ғалар бойынша шақырулар, сондай-ақ, елімізден сыртқа шы­ғатын құжаттар ресімделеді. Ағымдағы жылы паспорттар мен куәліктерді беру мерзімдерін қысқарту үшін құжаттар әзір­лейтін қосымша орталықтар Ақтөбе қаласында, 2014 жылы Шымкент қаласында ашылды. Бұл құжаттар беруді 30 жұмыс күні­нен 15 жұмыс күніне дейін қысқар­туға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, құжаттарды шы­ға­ратын өндірістік орталық­т­а­ры бар Астана, Алматы, Ақ­төбе, Шымкент қалаларында құ­­жат­тарды беру мерзімі жедел­дет­і­ліп, 2 жұмыс күні ішінде, ал облыс орталықтары үшін 4 жұ­­­мыс күні ішінде жүзеге асы­­ры­ла­ды. Сонымен қатар, маман­дан­дырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы белсенді даму үстінде, олар арқылы автокө­лік­ті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, мемлекеттік тіркеу нөмір­лерін беру қызметтері көр­се­тілуде. ХҚКО арқылы мемлекет­тік қызметтер көрсетуді оңтай­лан­дыру шаралары қабылдануда: автокөліктің техпаспортының дубликатын немесе оны ауыстыру (жоғалту, ауыстыру) кезінде авто­көлікті қарау жойылды; мото­цикл мен автокөліктерді бас­қару құқығын алуға үміткер адам­ның өз бетімен дайындалуы енгі­зілуде. Бұл ретте осындай аза­­маттар үшін емтихандарды қабыл­дау тек арнайы ХҚКО-да жүр­гізілетін болады. Ал авто­көлік­терді тіркеу кезінде құжаттар тізбе­сі қыс­қартылады (мекенжай анық­та­масы, заңды тұлғаның құрыл­тай­шылық құжат­тары алынбайды). Жол қозғалысы мәселелері жөніндегі заңнама шеңберінде «Жол қозғалысы туралы» заң­нан жүргізуші куәлігінің жа­рам­­дылық мерзімі аяқтал­ған­нан кейін азаматтарды ЖЖЕ білуіне теориялық емти­хан тап­сыру міндетін алып тас­тау мәселесі пысықталуда (куәлік­тің жарам­дылық мерзімі аяқтал­ған­нан кейін 1 жыл ішінде). Қазіргі таңда ІІМ азаматтың тіркелген жеріне қарамастан жүргізушілік куәлігін беруге және ауыстыруға кірісуге дайын. Бұл іс республикалық жүйке аурулары және есірткі дис­пансерлерінің есептеріне қол жеткізе алатын Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Павлодар қалаларында ор­­на­ласқан арнайы ХҚКО-да жүзеге асырылады. Қалған ар­найы ХҚКО-да республикалық жүйке аурулары және есірткі дис­пансерлерінің базаларына қол жеткізген жағдайдан кейін ғана жүзеге асырылады. Кәдімгі ХҚКО-да азаматтарға қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айып­пұлдар туралы толық ақ­парат ұсыну үшін осы жылы ІІМ ӘПК «Бақылау» ақпараттық жүйесінің фото-бейнетіркеу жүйесін шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Осы шаралар сөзбұйдалық кедер­гі­лерді болдырмауға және қызмет көрсетулер уақытын ұсынуға мүмкіндік береді. «Ішкі істер органдарының қыз­метінде халық алдында ашық болу және есеп беруді қамтамасыз ету бойынша радикалды өзгерістер бар. Полицейлер қызметі ауқым­ды әрі ауыртпалығы көп, әрине, мұндай көлемдегі жұмыста кем­ші­ліктердің орын алуы мүмкін. ІІО жүйесінде өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам бойынша инс­пекция қызметтері бар, олар по­ли­­ция қызметкерлері тара­пы­­нан жіберілетін заң бұзушы­лықтардың алдын алады. Біз­дің сайтымызда, әлеуметтік желі­лер­дегі парақшаларымызда, негі­зінен, жол ережесін сақтамау тура­лы фото-бейне түсірілімдерді орналастырады. Халықпен бай­ланыс жасау үшін Фейсбук әлеу­меттік желісінде Әкімшілік поли­ция комитетінің ресми парақ­­шасы ашылған, онда жол қауіп­сіздігі, мемлекеттік қызмет көр­­сетулер туралы ақпараттар, айып­пұлды төлеу тәсілдері, ке­ңес­тер орналастырылады. Пай­да­ла­ну­шылар өз пікірлерін қалды­рып, сұрақтарын қояды, ол бо­йынша жедел түрде жауап алады. Екі айдың ішінде парақ­шаға 300 сұрақ келіп түсті. Сондай-ақ, пайдаланушылар жол ережесін бұзушылардың фотосы мен бейне материалын жібереді. Осындай хабарлар бойынша 100 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Фейсбукте біздің аза­мат­тар арасында ғана емес, шетел азаматтары үшін де туындайтын көші-қон заңнамасының мәселе­лері, тіркеу тәртібі, құжаттарды беру бойынша ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің па­рақ­­шасы ашылды. Сонымен қа­тар, жаңа «Қоғамдық кеңестер тура­лы» заңға сәйкес ІІМ-нің жанында, жаңа форматтағы Қо­ғам­­дық кеңес құрылды. Аумақ­тық ішкі істер органдары жанында кеңес беру органы құрылды», дейді Ерлан Тұрғымбаев. Сол сияқты, қазіргі күні ішкі істер органдары жоғары кәсі­би кадр құрамын құруға ерек­­ше мән беріп отыр. Осы мін­детті іске асыру үшін жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» заң мен «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға түзетулер енгізіл­ді. Үш кезеңнен тұратын ірік­теуде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органда кан­ди­даттардан заңнаманы білуге тес­ті­леу жүргізіледі. Сол жерде жеке қабілеттері бағаланады. Бас­қаша айтқанда, осы лауазымда жұмыс істеу қабілеті, тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу­шілікпен қарау және т.б. қабілет­тері тек­серіледі. Тестілеу нәтижесі бойын­ша сертификат беріледі, оны­мен конкурстарға қатыса ала­ды. Екінші кезеңде өтініштер қабылданады, медициналық тек­серіс, әңгімелесу, бастапқы оқыту және құқық қорғау органдарында тағылымдамадан өту жүргізіледі. Осы кезеңдерден сәтті өткен кан­дидат қана 3 кезең шеңберінде лауа­зымға тағайындалады. Ел Президентінің «100 нақ­ты қадам» – Ұлт Жос­парында ІІМ-нің алдына қойған міндеттерінің тағы бірі – жер­гілікті полиция қызметін құру, оның құзыретіне қоғамдық тәр­тіпті қорғау, тұр­мыстық қыл­мыстың жолын кесу, ұсақ құқық бұзушылыққа «мүл­дем төз­беу­шілік» қағидасын қалып­тас­тыру жатады. 1 қаңтар­дан бас­тап жергілікті полиция өз жұ­мысын бастап кетті. Оның құра­мына учаскелік инспектор, жол-патрульдік, ювеналды, таби­ғатты қорғау, әйел­дерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністер, тарату және арнайы қабы­л­­дау орындары кіреді. Жер­­гі­лік­ті полиция қызметі өз жұмы­сын мына бағытта жүргізеді: құқық бұзушылықтың алдын алу; қо­ғамдық тәртіпті қорғау; жол қоз­ғалысы қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету, қылмыстық құқық бұзу­­шылықты ескерту және жолын кесу; әкімшілік құқық бұзу­­­шы­лық істер бойынша өндіріс және қылмыстық теріс қылықтар бойын­ша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Жер­гілік­ті полиция қызметінде басым­дылық учаскелік инспек­тор­лар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөліністерге берілген. «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңда атқарушы органдар ЖПҚ жұмысын ғана ұйымдастырып қоймайды, оның қаржыландырылуын да жүргізеді. 2015 жылы травматикалық қару­лар­дың азаматтық айналымда болуына тыйым салуына байла­нысты оны сатып алу жұмыстары жүргізілді. Республика бойынша барлығы 44,5 мың азамат өз ер­кімен 47 мыңға жуық (46 756) бір­лік қаруды тапсырды, жалпы сом­масы 2,3 млрд. теңге тұратын трав­матикалық қару тіркелді. 2015 жылдың қорытындысы бо­й­ын­ша, травматикалық қару­ды қол­данумен жасалған қылмыс­­т­ар 79 пайызға (262-ден 53-ке де­­йін) төмендеді. Ағымдағы жыл­­­дың 2 айы ішінде травмати­ка­лық қару­­ды қолданумен жасалған 6 қы­л­мыс тіркелді, ол өт­кен жылдың ұқ­сас кезеңімен салыс­тыр­ғанда, 40 пайыз­ға төмендеген. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».