15 Қаңтар, 2011

Нәзір Төреқұлов туралы деректі фильм

265 рет көрсетілді
«Өкілетті елші» Соңғы жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» кино­сту­диясы ұлт мүддесі мен тұтас­тығына сай сауапты жобаларды жүзеге асыра бастады. Соның бірі –  қазақтан шыққан тұңғыш елші Нәзір Төреқұлов жайында түсірілген деректі фильм.  Сейсенбі күні Алматыдағы «Искра» кинотеатрында режиссер Болат Шәріповтің «Өкілетті елші» ат­ты деректі фильмінің тұсауы кесіліп, жұрт назарына ұсынылды. Деректі фильм қазақтан шық­қан тұңғыш кәсіби елші Нәзір Төреқұлов тағдырының тарихқа мәлім тұстарын кеңінен қамти­ды.  Фильмде саяси қуғын-сүр­гін салдарынан әділетсіз ажал құшқан елшінің Кеңес Одағы кезінде сіңірген еңбегі, Ислам әлеміндегі алғашқы дипломат ре­­тіндегі өлшеусіз рөлі айты­ла­ды. Сондай-ақ Сталиннің, кіші елдерге жүргізілген Кеңес Ода­ғы­ның солақай саясаты баяндалады. «Фильмді түсіруге 9-10 айдай уақыт кетті. Материалдар табуда қиындықтар да болды. Өзіміздің, Ресейдің мұрағаттық материалдарын пайдаландық. Бір­қатар деректерді Тайыр Мансұ­ров­тың  Нәзір Төреқұлов жайында жазған кітабынан алдық. Елші қызмет еткен Араб Әмірлігінен біз білмейтін деректер табылса, де­ректі фильм толыға түсер еді. Туындының сценарийін өзім жаз­дым. Бұл фильмді түсірудегі мақсат – халқымыздың ұлы перзенті, қазақтың нар азаматы,   мемлекеттік қайраткер, дипломат,  өкінішке қарай, кезінде елеу­сіз қалған  тұлғаның атын, есімін ке­лешек ұрпаққа, жастарға жеткізу болып табылады», – деді аталмыш фильмнің режиссері Бо­­лат Шәріпов. Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­фильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Аман­тайдың айтуынша, аталмыш деректі фильм Мәдениет министрлігінің  тапсырысы бойынша түсірілген. Ол «Қазақфильм» киносту­дия­сы 2009 жылы 30-ға тарта деректі фильмді өндіріске жібергенін, 2010 жылы 40-тан астам деректі фильм жасап шығарғанын атады. «Оның ішінде Бауыржан Момышұлы, Рымғали Нұрға­ли­ев, Бибігүл Төлегенова, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, «Қор­қыт» туралы деректі фильмдер бар. Бұл фильмдердің барлығы дайын болып, дискіге жазылды. Өткен жылы өндіріске жіберілген Шәмші Қалдаяқов пен Мір­жақып Дулатов жайындағы фильм­­дер аяқталуға жақын. Ал, биыл Кенесары Қасымов, Әзір­байжан Мәмбетов туралы,  «Аш­тық» ту­ралы фильмдерді жасауды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақыт­та да қазақ әлеміне  үлкен еңбек сіңірген, біртуар тұлғаларымыз жайында фильмдерді түсіруді одан әрі  жалғастыра береміз», – дейді ұлттық киностудияның бас редакторы. Киностудиядан шыққан бар­лық деректі фильдер бейнетаспа түрінде шығарылып, көгілдір эк­ран арқылы көрермендер на­за­рына ұсынылмақ. Ұлттық киностудия бұл туралы телеарналармен бірқатар келісім-шарт­тарға қол жеткізген. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.
Соңғы жаңалықтар

Өндіріс өркендеген өңір

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Жамбылдың жарқын бейнесі

Өнер • Бүгін, 22:20

Шырқау шыңы Шоқанның

Руханият • Бүгін, 22:10

Маэстроның шеберлік сабағы

Театр • Бүгін, 22:08

Amazon қандай мүмкіндік сыйлайды?

Технология • Бүгін, 21:47

Ұқсас жаңалықтар