15 Қаңтар, 2011

Ұстаздар грантқа ие болды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұстаз – мектептің жүрегі дей­ді. Орынды, әрі тауып айтыл­ған  тұжырым. Осы саладағы  өз ісінің үздіктерін облыстық білім басқармасы байқаулар арқылы таңдап келеді. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жоғары нәти­же­лерге жеткен мұғалімдерге ар­найы грант тағайындау жөнін­дегі байқауға аталған пәннің 28 ұстазы қатысып, бақ сынады. Аудан, қалаларда шеберлігімен танылғандар әдістемелік қо­ры мен сабаққа пайдаланатын құралдарын көрсету, шәкірттерін қазақстандық патриотизмге  тәр­бие­леудегі біліктіліктері ортаға са­­лын­ды. Әділ­қазылар қазақ сынып­тарына қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстаздар арасынан Алакөл ауданы, Үшарал орта мектебінің мұғалімі Сандуғаш Басқанбаева мен орыс сыныптарына сабақ беретіндер арасынан Талдықорған қаласын­дағы Абай атындағы № 1 орта мектеп мұғалімі Эльмира Рахимбаева бірінші орындарды иеленіп, грант иегері атанды. Қос ұстаз бір жыл бойы арнайы тағайындалған грантты иеленіп, еңбектерін еселемек. Бұл олардың өз мамандығына деген ерекше ынтасын аңғартса керек. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.