30 Наурыз, 2016

«Ну, погоди!» мультсериалының режиссері қайтыс болды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30.03.2016 AST-12 АСТАНА. 30 наурыз. Бүгін 86 жасында мультипликатор суретші Юрий Бутырин қайтыс болды. Бұл туралы vesti.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Юрий Бутырин балалық шағы 1970-1990 жылдары өткен азаматтардың бала кезінде жақсы көрген мультфильмдерінің режиссері, қоюшы суретшісі. Ол «Нехочуха», «Ну, погоди!», «По дороге с облаками», «Незнайка на Луне», «Трям, здравствуйте», «Большой Ух» сияқты қызықты мультфильмдерінің режиссері, «Карлсон и Малыш» мульфильмінің қоюшы суретшісі. Сонымен бірге ол «Дюймовочка», «Вовка в Тридевятом царстве», «Хочу бодаться», «Конек-горбунок», «По следам бременских музыкантов» сияқты мультфильмдердің мультипликатор суретшісі болған. Юрий Бутырин мультфильм жасауға жастайынан қызықты. 1950 жылдардың соңында «Союзмультфильмде» мультипликаторлардың курсын бітіргеннен кейін 1970 жылдары телевизиядағы «Экран» шығармашылық бірлестігінің режиссері болды. Сол кезде оның дүниелері Кеңес Одағында балалардың ең жақсы көретін мультфильмдеріне айналды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz   30.03.2016 AST-14 30.03.2016 AST-13 30.03.2016 AST-11