15 Қаңтар, 2011

Мектеп мұражайлары арасындағы байқау

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейдегі облыстық өлке­тану мұражайы соңғы кезде өлке тарихын кеңінен насихаттау мақ­сатымен игі істерге мұрын­дық болуда. Айталық, жуыр­да аталған мұражайдың бастама­сымен мектеп мұражайлары ара­сында байқау өткізілді. Оған қаламен бірге, қала маңындағы ауылдардан барлығы 15 мектеп мұражайы қатысты. Бірінші орынды Шүлбі кентіндегі мектеп-кешен мұражайы жеңіп алды. Ал оның да себебі жоқ емес-ті. Өйткені, біріншіден, бұл мұражай жарық та кең, сон­дай-ақ жылы бөлмеге орна­лас­тырылған. Екіншіден, мұражайда мектеп тарихымен бірге, осын­дағы Шүлбі ГЭС-інің өткені мен бүгіні кеңінен қамтылған. Мұра­жайда осы өңірден табылған археологиялық құнды жәдігер­лер мен көне дүниеліктер де баршылық. Жергілікті соғыс ардагерлері туралы деректер де мол. Ал Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлыларға арналған бөлім өз алдына бөлек жасақталған. Жас ұрпақтың туған жерге, кең байтақ Отанға деген сүйіс­пеншілігі осындай шаралардан басталса керек. Сондықтан өңір­дің бас мұражайының мұндай бастамасын құптамасқа бол­май­ды. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,Семей.