31 Наурыз, 2016

Дерек пен дәйек

362 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
100 нақты қадамБес реформа –  ұлт жоспары *«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші бағыты мемлекеттік аппаратты ке­шенді түрде жаңғыртуды қа­растырады. Бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың соңында «Қа­зақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қабылданды. * Қазақстан мемлекеттік қызметтің аралас үлгісінен мемлекеттік қызмет жүйесін құрудың мансаптық қағи­датына көшті, оның аясында қыз­мет­керлердің құзыреттері мен жекелеген қасиеттері бі­рінші кезекке шығады, ал ман­саптық өсу үшін төменгі лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті. *Бес институттық ре­­фор­маның екінші бағыты заң­ның үстемдігін қамтамасыз етуге ба­ғытталған, ол 19 қа­дам­нан тұрады. * Ұлт Жоспарында заңның үстемдігі мен құқықтық тәр­тіп тұтас бір бағытты қамтиды, оның шеңберінде ұсынылған реформалар Қазақстанда қызмет етіп жатқан сот жүйесі мен құ­қық қорғау органдарының жаң­ғыртылуын қамтамасыз етуге арналған. * Заңның үстемдігі бағыты бойынша реформалар Қа­зақ­­стандағы сот жүйесін не­ғұрлым кәсібилендіруге, мөл­дір әрі ізгілікті етуге бағыт­талған. *Отандық судьялардың даярлық деңгейін арттыру мақсатында Сот төрелігі ака­­­демиясын құру жөнінде шешім қабылданды, академия магистратурасына алғашқы тың­даушыларды қабылдау 2016 жылдың жазына жоспарланған. * Бес институттық рефор­маның үшінші бағыты аса ауқымды бағыт болып табы­лады және онда 50 қадам қам­тылған. Халықаралық нормалармен сәйкестендіруді талап ететін жекелеген қадам­дарды ескермегенде, барлық қадамдардың заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету негізінен аяқталды. * 37-45-қадамдарда ау­қымды блок қамтылған, бұл қадамдар салық және кеден саласындағы реформаларды қамтиды. Осы тұрғыда жария ету мәселелері ерекше орын алады. Мүлікті және ақ­­­шаны жария ету бойынша заңнама қабылданды, оны іске асыру барысында едәуір өзгерістер енгізіліп, теңдессіз жеңілдіктер мен кепілдіктер белгіленді. Жария ету мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін ұзартылды. *80-84-қадамдардың іске асырылуы Қазақстанды тіршілікті қамтамасыз етудің әлемдік стандарттарына жа­қындастырады. Мәселен, міндетті медициналық сақ­тандыруды енгізу ауру­хана­лар мен емханалар ара­­сын­дағы бәсекелестікті арт­­­ты­­рып, елімізде жекемен­­шік медицинаның дамуы­на жол ашады, сонымен қа­тар, әрбір азаматтың дәрі­гер­­лер­мен және мемлекетпен қатар өз денсаулығы үшін жа­уапкершілігін күшейтеді. * «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының төртінші бағыты шеңберінде қазіргі таңда бес пункт жүзеге асырылу үстінде. * 2015 жылдың со­ңында Президент Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел» жалпыұлт­тық патриоттық идеясының құн­­дылықтары негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекітті. Қоғамдық сананы қайта қалыптастыру жә­не бүкілқазақстандық мәде­ниетті нығайту тұрғысынан жетекші рөл Қазақстан халқы Ассамблеясына берілді. *Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бағыты бойынша 10 қадам бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы жүзеге асыру кезеңінде, дайындық жұ­мыстары жүргізілуде, заң­намалық негіздер жасалған. *Транспарентті және есеп беретін мемлекет – тұ­рақ­тылық пен табысты эко­но­микалық жеңістер кепілі. Транс­парентті және есеп бе­ретін мемлекет құру сыбайлас жемқорлықты нығайтып, қазақстандық қоғамдағы аза­маттық сананы өзгертеді. *93-қадамды жүзеге асыру мақсатында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақы­лау туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңы қа­был­данды. Заң тексеруші ор­ган­­дар­дың рөлін, дербес жауапкершілік тетіктерін енгізу арқылы олардың міндеттерін жүйелейді. * Ашық Үкімет енгізуді қарастыратын 94-қадам да ішінара жүзеге асырылуда. * Бұл қадам бойынша Ашық Үкіметті қалыптастыру мақсатында қабылданған шаралар кез келген заңға қай­шы келмейтін жолмен ақ­параттарды еркін алу және тарату жөніндегі әр азаматтың конс­титуциялық құқығын іске асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. *97-қадам бойынша 2016 жылға белгіленген заң­намалық жұмыстар жоспарына сәйкес іс-шаралар ат­қа­рылуда. Бұл мемлекетке тән емес қызметтерді бәсе­келестік ортаға беруге, өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға мүмкіндік тудырады. * 98-қадам аясында жер­гілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізудің ба­залық негізі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дер­бестігін кезең-кезеңмен кеңейту бойынша шаралар қабылданды. * 99-қадам мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанын­дағы қоғамдық ке­ңестердің рөлін күшейтуді қарастырады. Өткен жыл­дың соңында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Ол қоғамдық кеңестер қызметінің құрылуы мен ұйымдастырылу тәртібін анықтайды. * 100-қадам шеңберін­де 2016 жылғы 1 наурызда «Үкі­­мет азаматтары үшін» мемлекеттік корпорациясын құру жөніндегі қаулы күшіне енді. Азаматтардың басына туатын өмірлік жағдайлар­да кешенді қолдау көрсетуге көшу мемлекеттік корпорация жұмысының маңызды қа­ғидатына айналмақ.