15 Қаңтар, 2011

Ұйым комитетінің отырысы

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкстан Ислам Республи­касының (ПИР) астанасы Исламабад қаласында Ислам Кон­ферен­циясы Ұйымы (ИКҰ) жа­нындағы Ғылыми-техникалық ынтымақтас­тық жөніндегі тұ­рақты комитет (КОМСТЕК) бас ассамблеясының 14-ші оты­рысы болып өтті. Үш жылда бір рет болатын комиссия оты­рысында ислам әлеміндегі ғы­лыми-тех­ника саласының даму мәселесі талқыланды. Бас ас­самблеяның жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Ба­қыт­жан Жұма­ғұлов­тың жетекшілік етуімен қазақ­стандық делегация қа­тысты. Отырыстың ашылу салта­на­тын­да Пәкстан Премьер-министрі Ю.Гилани, Ислам Кон­фе­рен­ция­сы Ұйымының Бас хат­шысы Э.Исханоғлу, Ислам Даму банкі­нің президенті А.Али, Ғы­лыми-техникалық ынтымақтас­тық жө­нін­дегі комитеттің бас үйлестіру­шісі Атта-ур-Рахман, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұ­мағұлов және басқа да ислам ел­дері­нің министр­лері сөз сөй­ле­ді. Пәкстан Премьер-министрі Ю.Гилани өз сөзінде Ислам Кон­ферен­циясы ұйы­мы­ның қазір­гі басымдықтары жө­ніндегі ойы­мен бөлісті. Ал қа­зақ­стандық делегация басшысы Қа­зақ­станда Сырт­қы істер министр­лерінің ке­ңесін Ислам Конферен­циясы Ұйы­мы ая­сында ғылыми-техни­калық конференция және көрме ұйымдас­тыру­ды ұсынды. Отырыс барысында Б.Жұма­ғұловтың Ғылыми-техникалық ын­ты­мақтастық жөніндегі коми­теттің бас үйлестірушісі Атта-ур-Рахманмен, Пәкстанның Ғы­­­лым және технология министрі П.Джиланимен, Пәкстан­ның Мем­лекеттік білім министрі Г.Катиямен, Ресей Білім және ғылым министрі А.Фурсенкомен және Әзір­байжанның Коммуникация және ақпараттық технология министрі А.Аббаспен екіжақты кездесулері бол­ды. «Егемен-ақпарат».