15 Қаңтар, 2011

Төтенше жағдайлар – мемлекеттік мәселе

945 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Апат айтып келмейді. Оның қашан болатынын да нақты ешкім біле алмайды. Бірақ сол орын алуы ықтимал табиғи жағдайға әзір болу, оның алдын алу тілсіз апаттардан сақтану болып табылады. Біздің елімізде бұл күрделі де аса жауапты міндетті Төтенше жағдайлар министрлігі атқарады. Кеше министрлікте «2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру аясында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметінің қорытындылары туралы» алқа мәжілісі болып өтті. Оның жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысып, сөз сөйледі. Аталған министрліктің қыз­меті мен міндетіне сай соңғы жылдар төтенше болып отыр. Алқа мәжілісінде баяндама жа­са­ған министр В.Божко да «өт­кен жыл күрделі болды» деп атап өтті. Алматы, Шығыс Қа­зақ­стан облысындағы қар көш­кіндері мен су тасқындары, Оң­түс­тік Қазақстан облыстарында тұрғын жайларды су басып қалуы, далалар мен орман, то­ғай­лардағы өрттер, жалға алын­ған көлдер көлемінің ұлғаюы, коммуналдық шаруашылықтағы апаттардың бәрі төтенше жағ­дайлар қызметкерлері үшін күр­делі жағдайда қызмет етуді талап етті. Сақтандыру компания­ларының мәліметі бойынша 2010 жылы дүние жүзі бойын­ша табиғи апаттардан 130 миллиард доллар көлемінде шығын келген екен. Ал антропогендік апаттар бойынша 222 млрд. доллар шы­ғын келген. Соңғы кездердегі әлем­дегі, соның ішінде Еуропа­дағы, Австралиядағы, Оң­­түстік Америкадағы адам өмірін жалмап жатқан орасан қар көшкін­дері, су тасқындары, мұз­ды жауын­дар, энергия қуа­тын өнді­ретін өндіріс орын­дарын­дағы апат­­тар дүние жүзі­нің қауым­дас­тығына, әр мемлекетке таби­ғи апаттарға қарсы тұру үшін бірлесе күш біріктіру және бар­лық шараларды қарас­тыру қа­жет­ті­гін ескертіп отыр. Бұл күндері Қазақстан ай­мағы да табиғи апаттардан кенде емес. Қақаған аязды күндері ауыл­дарды мұзды судың басып қалуы, қаладағы жылу қазан­дық­тарының істен шығуы, электр қуаты көздерінің үздіксіз өшуі, т.б. толып жатқан апаттар­дың орын алуы алаңдатарлық ахуал. Жарықтың, жылудың неліктен болмауы немесе өрттің шығуы, судың басуы неліктен орын алып жатқандығы адамдар­ды толған­дыруы тиіс емес. Бұл орайда өзіне тапсырылған міндетті орын­дамаған, дер кезінде өртті сөндіре алмаған немесе техника­сы жеткілікті болмаған, табиғи апаттың алдын ала ал­маған тиісті мекемелер жауап беруге тиіс. Ол проб­лемаларды ха­лықты апаттан құт­қару ісіне ара­ластырмау қажет. Енді министр­лік осы мәселелерді түбегейлі шешу жолына бет бұрған көрі­неді Бұл орайда министр негізгі ба­сым­дық өңірлерді тасқындар мен өрттерден қорғау деңгейін арт­тыру жөніндегі Мемлекет басшы­сы­ның тапсырма­ла­рын жү­зе­ге асыру болып табыла­ды дейді. Ми­нистрлік төтенше жағдай­лар­дың алдын алу және оның зар­дабын жою саласында өткен жы­лы дү­лей зілзаланың және апат­тар­дың салдарын жоюмен тікелей айна­лысып қана қоймай, ең бас­тысы, олардан туындайтын қауіп-қатер­лерді ауыздықтауға, әлеу­меттік, экономикалық және эко­логиялық жү­йе­лерге ықпал етуін төмен­дету­ге үрдіс қалып­тас­қандығын айтты. Бұл жұмыс­тарды тиімді атқару үшін министрлік өткен жылы Мем­лекет басшысының, Пар­ла­мент­тің жә­не Үкіметтің қолдауын алып, төтен­ше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларды мемлекеттік жоспарлауда негізге алатын құжаттарға енгізуге бас­тамашы­лық жасады. Оңтүстік Қазақстан облысын­дағы Сырдария өзенінде Көк­сарай су реттегіштің бірінші су жіберу кешенінің іске қосылуы көктемде 920 млн. текше метр тасқын суларын шоғырлан­дыру­ға, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 71 ел­ді-мекеннің жыл сайынғы су ас­тын­да қалу қаупінен құтылуына мүм­кіндік берді. «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау» кешенін жобалық қуа­тына шығару өткен жылғы көк­темде 30 млн.текше метрден аса тасқын суларға бөгет болу мүм­кіндігін берді және қаланың сол жағалауы мен шет жақтарын су басуының алдын алды. Сол сияқты Щучъе-Бурабай курортты аймақтағы қазіргі заманғы үш өрт депосының пайдалануға берілуі елді мекендерді орман алқаптары мен Бурабай ұлттық табиғи бағын тілсіз жаудан қорғауды айтар­лықтай күшейтті. Баяндамашының айтуынша, тау-кен және мұнай саласындағы ірі кәсіпорындар қауіпсіздігі ми­нистрліктің үздіксіз бақылауында тұр. Қауіпті нысандарда қауіпсіз­дікті қамтамасыз ететін қабыл­дан­ған кешенді шаралар ауыр жағдайдағы жаралануды 2 есеге, өлім жағдайларын 1,4 есеге кемітуге мүмкіндік береді екен. Білім және денсаулық сақтау ғимарат­тарында өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Республика бо­йынша барлығы 1478 бала­ларды сауықтыру лагерлері, 2086 білім беру, 2426 денсаулық сақтау нысандары тексерілген. Осындай көптеген тексерістің арқасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы материалдық шы­ғын­ды 9,9 пайызға азайтуға қол жетті. Қазіргі уақытта мемлекетара­лық ынтымақтастық шеңберінде Ресей Федерациясы және Қазақ­станның шекаралық аумақтарын­да төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою са­ласындағы өзара іс-қимыл қа­лыптасты. Өрт және өнеркәсіптер қауіпсіздігі мәселелерінде ЕҚЫҰ Саммитін өткізген күндердегі жұмыстың оң тәжірибесін есепке ала отырып, Астана және Алматы қалаларындағы Қысқы Азия ойын­­­­дары өткізілетін нысандарда кешенді пысықталуда. Сол сияқ­ты өңірлік құрылымдарды жасақ­тау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Министрліктің шұ­ғыл ден қою күштері 2010 жылы 8976 адамды құтқарды, төтенше жағдайлар туындаған аймақтан 12486 адам көшірілген. 64916 жедел шығу орындалып, 879 зардап шегушіге алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген. Бұл мақсатта төтенше жағдайларға шұғыл ме­ди­циналық ден қою жүйесіне түбегейлі өзгерістер жүргізілді. «Қазақстан темір жолы» АҚ-пен бірлесіп, «Денсаулық» және «Жәр­дем» мамандандырылған емдеу-диагностикалық пойыздар шы­ға­рылды. 2010 жылдың қорытын­ды­лары бойынша «Денсаулық» по­йызы «Қазақстандағы жылдың №1 таңдауы» Ұлттық сыйлы­ғының «Әлеуметтік жауапкершілікті жоба» номинациясында жеңімпаз атанды. Министрлік жұмысын қоры­тын­дылаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов елдегі төтенше жағдайлармен жақсы таныспын деді. Өткен жылы жедел және жүйелі түрде үнемі сіздердің министрлікке қатысты мәселе­лерге назар аудардық. 2010 жыл өте күрделі болғаны анық, кейбір орын алған жағдайларды дер мезетінде ақша бар ма, жоқ па немесе техника бар ма, жоқ па деген мәселелерге қарамастан сол сәтте шешуге тура келді. Сондықтан мен осындай қы­сыл-таяң кезде өздеріне жауапкершілікті алып, ауыртпалық­тар­ды көтере білген адамдарға алғы­сымды білдіргім келеді. Дегенмен, соған қарамастан өзекті мәселелер әлі барлығын айтқан Үкімет басшысы оны жою жолдарын қарастыру қа­жет­тігін ескертті. Барлық бағыт­тар бойынша негізгі міндеттер белгіленді. Енді оларды тек орындау ғана қажет. Әрине, үс­тіміздегі жыл 2009 немесе 2010 жыл емес, экономикамыз әлде­ніп келеді, сондықтан қаржы мәселесін тағы бір пысықтап ал­ған дұрыс болады. Қазір жақ­сы бір жеке серіктестік туралы жа­ңа заңның жобасы Парламент қарауына ұсынылды. Тек бюджеттік қаржыландыруға ғана қарап қалмай, бюджеттен тыс қор­ларды тарту, әсіресе жеке серіктестіктерді қарастыру қажет. Мұн­дай амал әлемдік тәжі­ри­беде бар. Ал төтенше жағдай­лар тікелей мемлекеттің мәсе­лесі болып табылады. Халық төтен­ше жағдайларға тап бол­ған­да проблемаларды сұрамай­ды, кө­мек көрсетілуін талап етеді. Кө­мек қолын созу сіздердің тікелей міндеттеріңіз, деген Үкі­мет бас­шысы төтенше жағдай­дың ба­ры­сы тиісті жауапты адам­дардан қатаң сұралатынын жеткізді. Александр ТАСБОЛАТОВ.