Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Алматы – Қазақстан», үнді классикалық би орталығының» 10 жылдық мерейтойына және Ақмарал Қайназарованың өнер кешіне орайластырып, мерекелік бағдарлама өтті. Бұл концертті Қазақстандағы Үндістан Республикасының елшілігі тарту етті.
Кеш барысында тек үнді биі ғана емес, оған қазақтың халық биі қосыла үндесіп, мың бұралған бишілердің шеберлігін көрермен қауым ерекше ықыласпен қабылдады. Үш тілде жүргізілген бұл жоба би өнерін әсерлете дәріптеді. Бүгінде «Алматы – Қазақстан, үнді классикалық би орталығы» – Қазақстандағы Үндістан елшілігімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, театрлармен, концерттік залдармен, оқу орындарымен бірлесе жұмыс жасап, шеберлік сыныптарын өткізуде, үндінің классикалық биі – ертеден келе жатқан философиялық өнер, онда үнді халқының өмір тынысы мен құпия сырлары баяндалады.
Айта кетейік, аталмыш жобаның жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Үнді классикалық би орталығының директоры Ақмарал Қайназарова. Ол сонымен бірге Бхаратанатьям Үнді классикалық би өнерінің және хореография магистрі. Ақмарал Делидегі (Үндістан, Нью-Дели) Мәдени қатынастар жөніндегі ICCR үнді кеңесінің Бхаратанатьям биін кәсіби орындаушыларының құрамына кіреді.
«Алматы – Қазақстан, үнді классикалық би орталығы»-2015 жылы Польшада өткен Халықаралық конкурстың Гран-при иегері. Қазақстан мен Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі тұңғыш дара мекеме 2006 жылдың наурызында құрылды. Орталық жұмысының негізгі мақсаты – адамның тәни және рухани әлемін дамыту, үнді халқының классикалық биі арқылы жеке тұлғаның шығармашылық деңгейін анықтау және ағзаны сауықтыру, түрлі ұлт өкілдерін түсіністік пен ынтымаққа шақыру, Қазақстан мен Үндістанның мәдени байланысын нығайту болып табылады.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026