Қазақ тарихында елеулі еңбек сіңіріп, туғанына ел қуанған, рухына жер қуанған тұғырлы тұлғалар аз емес. Сондай асыл азаматтардың бірі болған, Қазақ гуманитарлық заң университетін басқарған, заң ғылымдарының докторы – Мақсұт Нәрікбаев.
Ол кісі жайлы жазылған мақала да, ақпарат та, ерен еңбегі үшін алған атақ-даңқы да жетерлік. Дегенмен, осы үрдісті үзбей жақсының аты жаттала берсін деген ниетпен Қазақ гуманитарлық заң университетінде Мақсұт Сұлтанұлының атына берілген кітапхананың ашылу салтанаты болды. Кітапхана бірнеше залдан тұрады. Олардың ішінде, электронды қорлар залы, шетел әдебиеті залы, кіші оқу залы, мерзімді басылымдар залы, профессор М.С.Нәрікбаевтың жеке кітапханасы залы, әмбебап оқу залы, сирек және құнды кітаптар залы, нормативтік-құқықтық әдебиеттер залы, ғылыми әдебиеттер залы бар. Әр залдың өзіне тән ерекшелігі де жоқ емес. Мысалы, сирек және құнды кітаптар залы энциклопедиялардан, сонымен қатар, көркем, ғылыми, библиографиялық, полиграфиялық немесе өзге де құндылығымен ерекшеленетін авторлық қолтаңбалар қойылған кітаптардан тұрады. Ал шет ел әдебиеті залына анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, ағылшын тіліндегі журналдар қойылған. Құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, философия, дін, экология, экономика, ағылшын тілін зерттеу мен оқытудың әдістемесі, өнер, әдебиет, тарих сияқты сан салалы ғылымдар жайлы маңызды мағлұматтарды да осы залдан кездестіруге болады. Профессор М.Нәрікбаевтың жеке кітапханасы залында ол кісінің әр жылдары жарық көрген кітаптары, мерзімді басылымдар мен жинақтарда жарияланған мақалалары топтастырылған. Сондай-ақ, ғалымның жеке кітапханалық қоры электронды каталогқа, «NAR TULGA» мәліметтер базасына енген.
Қонақ абонементін пайдалана отырып, Астана қаласының барлық тұрғындары аталмыш кітапхананың оқырманы атана алатынын естеріңізге саламыз.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20