15 Қаңтар, 2011

Елбасы қабылдады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғы­лым министрі Бақытжан Жұмағұловты қабылдады, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Б.Жұмағұлов Президентке ведомствоның 2010 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары туралы баяндады. 2010 жылы елімізде мектепке дейінгі мекемелердің саны 41 пайызға көбейді, 93 мектеп, 28 техникалық және кәсіптік білім беру орындары салынды, «Назарбаев Университеті», Түркі әлемі Академиясы ашылды. Білім мен ғылымға бөлінген қаржы көлемі 797 млрд. теңгені немесе ІЖӨ-нің 4,1 пайызын құрады. Қазақстан ЮНЕСКО-ның білімді дамыту индексі бойынша 4-орынды иеленді. 2010 жылы наурызда еліміз Болон процесіне кірді.