15 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы  2011 жылғы 15 қаңтар

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 17 қаңтардан бастап 2011 жылғы Қазақстандағы VII Азия ойын­да­рына  арналған 2011 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік ескерткіш банкноталарды айналысқа шығарады. 2011 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік ескерткіш банкнотаның сипаттамасы Таралымы: 20 000 000 дана Өлшемі: 139х73 мм Басым түсі: көкшіл-жасыл Бет жағы Басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республи­ка­сының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық бел­гісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы алтын түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан және өзгермелі бояумен орындалған қар ұшқыны бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде оң жағында тігінен орналасқан, оның үстінде жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкнот­тар­ды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан. Сырт жағы Басым бейне – көлденең. Негізгі бейне: тау аясындағы шаңғышы және VII Азия ойындарының символикасы. Төменгі сол жақ бөлігінде банкнота но­ми­налының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі  ор­наласқан. Жоғарыда ортасында «ҚА­ЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басыл­ған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Под­делка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұры­шында орналасқан. Банкнотаның бү­кіл өнбойында ашық орындарға қ­а­зақ­тың ұлттық ою-өрнегінің мотиві пайдаланылған.