03 Сәуір, 2016

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-04-2016 aua rayiАСТАНА. 3 сәуір. Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін барады. Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші секундына 15-20 метр болады. Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Аян Әбдуәли. Дерек: Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Фото: egemen.kz.