18 Қаңтар, 2011

Бір шаңырақтың үш «Алтын белгісі»

508 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Еркін Мусин облыстық мемлекеттік мұрағаттың аудандағы филиалының директоры. Зиба­гүл жеңгей екеуі өмірге екі қыз, бір ұл әкеліп, оларға саналы тәрбие беріп, өсірді. – Біздің Лариса, Гауһар есім­ді екі қызымыз, Нұркен ат­ты ұлы­мыз бар. Зайыбым Зиба­гүл тәр­биелі отбасынан шыққан қыз. Үй шаруасында болғандық­тан, бала­лардың сабағына, тәр­тібіне көбіне назар салатын да сол. Қыз бала анасы арқылы өмір­ді тани­ды. Ал ер бала әкесінің сал­мақты сөзін естіп, сабырлы ісін көріп өсуі керек деп ойлаймын. Біздің отбасы­ның бала тәрбие­сіндегі басты ба­ғыты осындай, – дейді ол. Өнегелі отбасындағы балалар­дың барлы­ғы да мектепті «Ал­тын белгімен» аяқтапты. Тұң­ғы­шы Лариса 2005 жылы Ақ­төбе қаласындағы М.Құ­сайынов атын­­дағы дарынды балалар мектебін бітірген. ҰБТ нәтижесінде 105 балға қол жеткізіп, «Алтын белгіге» ие бо­лыпты. Мемлекеттік білім гран­ты негізінде Ас­танадағы Л.Гумилев атын­дағы Еуразия Ұлттық университетіне оқуға түсіп, оны да қызыл дипломмен тәмамдаған. Қазір Лариса елордада жауапты қызмет ат­қарады. Ортаншы бала­сы Нұркен 2006 жылы №2 мектеп-гимназия­ны бітіріп, ҰБТ қоры­тын­дысында 110 балл жинаған. Ол да грант арқылы Алматыдағы Қазақ-Британ техника­лық университетіне оқуға түсіп, оқу орнын өткен жылы тәмамдапты. Ал кенже қызы Гауһар білім ордасын 2010 жылы бітіріпті. ҰБТ-дан 122 балл жи­наған ол мемлекеттік грант негізінде апасы Лариса оқы­ған білім ор­дасына халықаралық құқық ма­ман­­д­ығы бойынша оқуға түсіп­ті. Жо­­ғары оқу орнына түс­кен талап­кер­лердің тізімі жария­лан­­ған «Егемен Қазақстан» газетінен қызының аты-жөнін көргенде Ер­кін­нің қуа­нышында шек болмапты. – Кіші қызымыздың да іргелі оқу орнында білім алатынын көріп, қатты қуандық. Жалпы, өзім де, бауырларым да мектепті жақсы үлгеріммен бітіргенбіз. Ба­ла­лары­мыздың жетістікке жетуі­нің негізі – алтын ұя мектебі мен ұстаз­дары­ның еселі еңбегі және үнемі біліммен бәсекелесуге құш­тар бала­лары­мыздың ізденісінің жемісі деп ойлаймыз. Ал ата-ананың бала­ларын қадағалауы – өзгермес заңдылық, бала алдын­дағы асыл борышы, – дейді отағасы. Еркін Мусин қолы қалт етсе спортпен шұғылданады. Үйі мен жұмыс орнының арасы екі шақырымдай болса да жаяу жүреді. Спортты сүйетін азамат 2007 жылдан бастап екі жыл қатарынан аудандағы мемлекеттік қызметкерлер ара­сын­да Пре­зидентіміздің саламат­ты өмір салтын қалыптастыру бағдарла­м­асын жүзеге асыру бағытында өткізілетін «Президенттік қа­шық­тық – денсаулыққа апарар жол» сайысында жүгіру­ден бірінші орынға ие болыпты. Футбол, шахмат ойындарын жақ­сы көретін ол осы спорт түр­лерінен де бірнеше рет облыстық, аудан­дық сайыстарға қатысып, же­ңім­паз атаныпты. Тіпті, тоқса­нын­шы жылдардың басында үш жыл қатарынан каратэмен шұ­ғыл­данған екен. «Әр адам бос уақытын спортқа арнаса, сала­мат­ты өмір салтын ұстау дегеніміз осы емес пе»,— дейді ол. Мұхтар МЫРЗАЛИН, журналист. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. __________________________ Суретте: Еркін Орманұлы балаларымен бірге.
Соңғы жаңалықтар