Жақында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Малайзияға сапары болды.
Сапар барысында Малайзия Министрлер кабинетінің бас хатшысы Али Хамсамен, Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрлігінің бас хатшысы – «ЭКСПО-2017» Малайзия бөлігінің комиссары Лу Джимен, жергілікті ғылыми және іскер топтардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Малайзия үкіметінің ғимаратында өткен кездесуде А.Хамса мен Р. Жошыбаев екі елдің сауда-инвестициялық және ғылым салаларындағы ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен «ЭКСПО-2017»-ге малайзиялық туристерді тарту бағыты бойынша мәселелерді, сондай-ақ, халықаралық мамандандырылған көрмеге малайзиялық компанияларды кеңінен қатыстыру мүмкіндіктерін талқылады. Бас хатшы Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғылыми базаның нығаюына септігін тигізіп, Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті.
Малайзияның Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурстары министрлігіндегі кездесуде Л.Джи Малайзияның биомассадан экологиялық таза отын өндіру саласындағы соңғы технологиялық талдамалары мен күн энергетикасындағы шешімдерін ұсынуға дайындығын және Қазақстанда күн панельдері мен олардың компоненттерін бірлесіп өндіру мүмкіндігін, сондай-ақ өз елінің жаңартылмалы энергия көздері саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүдделі екендігін хабарлады. Бас хатшының айтуынша, Малайзияда энерготиімді құрылыс пен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» көліктерді, оның ішінде қоғамдық көліктерді дамыту салаларында жаңа технологиялар сәтті іске асырылуда.
Сапар аясында «SEDA» баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша агенттігі, «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығы, «Petronas» мемлекеттік мұнай-газ компаниясы, «MATRADE» Сыртқы сауданы дамыту корпорациясы, «MIDA» инвестицияларды дамыту агенттігі, «МАТТА» Ұлттық туристік қауымдастығы және т.б. құрылымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басындағы талқылаулар барысында ЭКСПО-2017 кезеңінде іскер топтардың өз қызметтерін таныстыру рәсімін өткізуге жоғары қызығушылығы бар екені атап көрсетіліп, малайзиялық туристік операторлармен ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылды және көрмеге осы елден туристер тарту мәселесі егжей-тегжей сөз болды.
Кездесу қорытындысы бойынша, «МАТТА» ұлттық туристік қауымдастығымен және «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығы мен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
«GreenTech-пен» ынтымақтастық Астанада БҰҰ-ның «Жасыл технологиялар» мен инвестициялық жобалар орталығын құру аясында ерекше маңызды болып табылады. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін қолдану, жобалардың тиімділігін бағалау мен оны одан әрі «жасыл» технологиялар саласында коммерцияландыру бойынша Малайзия тарапының үлкен тәжірибесі бар екендігін атап өткен жөн.
Р.Жошыбаев Малайзияда оқитын қазақстандық студенттермен кездесуінде оларды шетелдерде халықаралық көрмені насихаттауға белсенді түрде атсалысуға шақырды. Кездесуден кейін қазақстандық студенттер халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау флэш-мобын өткізді.
Сапар нәтижелері бойынша ЭКСПО-2017 комиссары Малайзияның ең ірі және беделді «ASTRO AWANI» телеарнасының жаңалықтар бағдарламасына сұхбат берді.
«Егемен-ақпарат».

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03