18 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1374

465 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

2010 жылғы 20 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы бекітілсін. 2. «Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік теңгерімге енгізу және оларды мемлекеттік теңгерімнен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 762 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 322-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2010 жылғы 20 желтоқсандағы  №1374 қаулысымен бекітілген Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы (бұ­дан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 мау­сымдағы Заңының 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзір­­ленді және пайдалы қаз­балар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару тәртібін белгілейді. 2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкі­летті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) пайдалы қазбалар қорларының мем­лекеттік балансын жасауды ұйымдас­ты­рады және жүргізеді. 2. Мемлекеттік балансқа қосу тәртібі 3. Мемлекеттік балансқа мыналар енгізіледі: уәкілетті орган бекіткен, Қазақстан Республикасының жер қой­науында барланған пайдалы қазбалардың барлық түр­лерінің қор­лары; бұрынғы КСРО-ның Пайдалы қазбалар қорлары жө­ніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қаз­балар жөніндегі аумақтық комиссиялар бұрын бекіткен пайдалы қазбалардың қорлары; кен орындарын пайдалану кезінде жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіру мен олардың шығында­ры­ның деректері. 4. Мемлекеттік баланс коммерциялық табулар бойын­ша пай­да­лы қазбалардың әрбір түрі қорларының мөлше­рі, са­па­сы мен зерттелу дәрежесі туралы, оларды орна­лас­тыру ту­ралы, өнеркәсіптік игеру дәрежесі, өндірілуі, шығын­дары және өнеркәсіптің пайдалы қазбалардың барланған қорла­рымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді қам­туға тиіс. 5. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қо­ры­­тын­дысы пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік ба­лансқа енгізу үшін негіз болып табылады. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәти­же­лері хаттамамен ресімделеді, онда пайдалы қазбалар қорла­рын бекіту ту­ралы, қорларды санаттар бойынша бөлу туралы, қатты пайдалы қазбалардың көлемі мен оларды тәжірибелік пай­далану мерзімі ту­ралы, пайдалы қазбалар мен олардың ком­поненттерін алудың коэф­фициенттері туралы, пайдалы қазбалар қорларын есептен шы­ғару туралы, өнер­кәсіптік, ғылыми және өзге де мақсаттарда жер қойнауы туралы ақ­паратты қолдану мүмкіндігі туралы деректер көрініс табады. 6. Мемлекеттік балансқа енгізілетін пайдалы қазбалар қор­ла­ры: алдыңғы жылдың қорлары; есепті жылы жер қойнауынан өндірілген; есепті жылы өндіру үдерісінде шығынға ұшыраған; балансты жасау күніндегі қорлар болып бөлінеді. Кейінгі геологиялық барлау жұмыстары (барлау, қайта бағалау, қорларды есептен шығару, техникалық шека­ра­ларды өзгерту) мен пайдалану кезінде пайдалы қазба­лардың қорла­рынан ауытқу қосу және азайту белгісімен қамтылады. 7. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті уәкілетті орган­ның өңір­аралық департаменттеріне (бұдан әрі – ӨД) жыл сайын, есепті тоқсаннан кейінгі жылғы 15 ақпанға дейін Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі бекіткен арнайы нысандар бойынша ұсынады. 8. ӨД арнайы нысандардың негізінде облыстар бойынша пай­далы қазбалар қорларының балансын жасайды және мемлекеттік балансқа қосу үшін есепті жылдан кейінгі жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады. 9. Уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шіл­десіне дейінгі мерзімде ӨД ұсынған пай­далы қазбалар қор­ла­рының балансы негізінде пайдалы қазба­лардың түрлері бойынша мемлекеттік балансты жасайды. 10. Мемлекеттік баланс индустриялық саясатты реттеу сала­сын­дағы уәкілетті орган бекітетін Пайдалы қазбалар қоры­ның мем­лекеттік балансын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жа­салады. 3. Мемлекеттік баланстан шығару тәртібі 11. Өндірілген, сондай-ақ өндіру үдерісінде шығынға ұшы­раған пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қой­науының жай-күйі туралы жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын Геологиялық есеп­ті­ліктің арнайы нысандары (бұ­дан әрі – арнайы нысандар) негізінде оларды толық есептен шығару жолымен жүргізіледі. 12. Одан әрі геологиялық барлау жұмыстарының үдері­сінде не санаттардың сенімділік дәрежесінің нормативтік қателіктері шегінде пайдалы қазбалардың баланстық қор­ларының әр алуан рас­талмауын жер қойнауын пайда­ланушы дербес ресімдейді, ал нормативтік қателіктерден артып кететін минус белгісі бар қорлар рас­талмаған жағдайда жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы болған кезде мемлекеттік балансқа түзетулер енгізуге жол беріледі. 13. Жаңадан белгіленген кондицияларға сәйкес келмеуіне бай­ланысты өнеркәсіптік маңызын жойған, техникалық-эконо­микалық немесе тау-кен техникалық себептері бо­йынша жұ­мыспен өтеуге орынсыз, кейіннен геологиялық барлау жұмыстары мен жұмыспен өтеу кезінде нормативтік қа­теліктердің расталмауы артып кететін пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы негізінде жүзеге асырылады. 14. Пайдаланылуы бекітілген кондицияларға сәйкес қазіргі уа­қыт­та экономикалық орынсыз немесе техникалық әрі тех­ноло­гия­лық жағынан мүмкін емес, бірақ одан әрі ба­ланс­тыққа ауыс­ты­рылуы мүмкін өндіруші кәсіпорындарды жою немесе консервациялау кезінде пайдалы қазбалардың жұмыс­пен өтелген баланстық қорларын есептен шығару немесе оларды баланстан тыс қорлар­дың тобына ауыстыру жер қойнауының мемлекеттік сараптама­сы­ның оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.