Биыл барша елорда оқырмандары үшін Ұлттық кітапханада «Бұл кітап әлемі...» атты кітап айлығы басталғанын хабарлаған болатынбыз. Оның аясында кітапхана ұжымы 62 іс-шара өткізгелі жатқанын да жеткіздік. Соның алғашқысы кеше өтті. Дәлірек айтсақ, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсеновамен кездесу кеші болды.
Ол кісі Қазақ мемлекеттік университетін 1969 жылы бітірген. Еңбек жолын республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналында 1968 жылы әдеби қызметкерліктен бастап, кейін бөлім меңгерушісі болды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысты. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман әрі жаңадан жарық көрген кітаптарды насихаттаумен айналысқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде «Кітап әлемі» қосымшасының редакторы болғанын да естеріңізге сала кетсек дейміз.
Алғашқы әңгіме, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газеті мен «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрған. Төл туындыларымен қатар аудармамен де айналысқан. Солардың ішінде, Украин жазушысы В.Дроздың, эстон Е.Ермановтың, әзербайжан Анардың, латыш Д.Рукшаненің, армян жазушыларының жекелеген шығармаларын, X.Андерсеннің ертегілерін, латынамерикалық қаламгер Ж.Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» атты романын қазақ тілінде сөйлеткен де осы кісі. Жазушы кездесу барысында өзінің туындыларына кеңінен тоқталып, олардың дүниеге келуіне түрткі болған түрлі жағдайларды оқырман қауыммен бөлісіп, әсерлі әңгімелері арқылы кештің көркін кіргізе түсті. Солардың қатарында, «Сезімтал жүрек», «Тағылымды тағдырлар», «Тойға келген келіншек» сияқты шоқтығы биік шығармалары арқылы Шәрбану Бейсенова өз оқырманын тапқан. Жиынды ақын Маржан Ершу жүргізіп, әдебиет әлеміндегі нәзік жандылар, олардың еңбектері жайлы сыр шертті.
«Шәрбану – өткен ғасырдың 70-жылдарының орта тұсында шығармашылық өмірін журналистикадан бастап, біртіндеп әдебиетке келген, қалам қызметін сыпайы бастап, әдепті мінезбен, даурықпасыз жалғастырып келе жатқан бүгінгі көрнекті жазушыларымыздың бірі», – деген академик Серік Қирабаев. Әрине, біз де бұл пікірмен толық келісеміз. Кездесу кешінде осы ойымызды одан сайын нақтылай түскендей болдық. Шығармашылық адамы үшін жазылған дүниесі тасада қалмай, оқырманы іздеп жатса, одан асқан бақыт жоқ та шығар.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40