АҚМОЛА. 6 сәуір. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде Егіндікөл ауданының әкімі болып Нариман Ихсанұлы Төлепов тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нариман Төлепов 1967 жылы туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Торғай облысы Жангелді ауданы Қызыл әскер совхозы жастар комитетінің төрағасы болып бастаған.
Ол әр жылдары Торғай, Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы жүйесінде қызмет атқарды. 2007 жылғы тамыздан Қостанай облысы Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы. 2009 жылғы қарашадан бастап Қостанай облысы Жангелді ауданының әкімі болды. Ал 2014 жылғы желтоқсаннан Ақмола облысы Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.
2015 жылғы маусымнан Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.
Бақберген Амалбек.
Дерек, фото: egemen.kz.

Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:09
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Кеше
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Астанада шолу дөңгелегінде өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады
Спорт • Кеше
Курчатов ғылым қалашығына айналады: Даму жоспары әзірленді
Аймақтар • Кеше
Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана ашылды
Аймақтар • Кеше
Мұраға қалған мүлікті қалай дұрыс рәсімдеу керек?
Қоғам • Кеше