18 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1418

426 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 27 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі: қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №1418 қаулысымен бекітілген Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы 1. Осы Қағида «Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республи­касының 2010 жылғы 30 мау­сымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 32-бабының 1-тармағына сәйкес әзірлен­ген және кедендік декларациялау жөнін­дегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды. 2. Кедендік декларациялау жөніндегі маман­ның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кеден органдары жүргізетін (бұдан әрі – кеден органдары) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған біліктілік ем­тиханын тапсыру қажет. 3. Біліктілік емтиханы өткен күні нә­тижелер белгіленгеннен кейін, осы емти­хандарды өткіз­ген кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті органға емтиханнан өткен тұлғалар туралы ақпаратты электрондық, сондай-ақ жазбаша түрде ұсынады. 4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсе­тілген тұлғаларға ұсынылған ақпараттың негізінде біліктілік емтихандарының нәти­желері алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкі­летті орган бекіткен нысан бой­ынша кедендік декларациялау жөніндегі ма­ман­дар­дың біліктілік аттестаттары толтыры­лады. 5. Осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес біліктілік аттестаттары толтырылғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде біліктілік аттестаттарын емтихан өткіз­ген кеден органдарына поштамен жолдайды. 6. Кедендік декларациялау жөніндегі маман­ның біліктілік аттестаттарын алған­нан кейін кеден органдары кеден ісі сала­сындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөнін­дегі маманның бейджін ресімдейді және біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік декларациялау жөніндегі маман­ның біліктілік аттестатын және бейджін беруді жүргізеді. 7. Кеден органдары кеден ісі сала­сындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөнін­дегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді. 8. Кедендік декларациялау жөніндегі маман­ның біліктілік аттестаты немесе бейдж­дері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жө­ніндегі аттестатты берген кеден органына еркін нысандағы өтінішті: 1) жеке басын куәландыратын құжат­тың көшірмесін; 2) мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет. 9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолда­нылу мерзімі екі жылды құрайды. 10. Егер: 1) біліктілік аттестаты өтініш беруші ұсынатын толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің негізінде берілген болса; 2) кедендік декларациялау жөніндегі маман­ның біліктілік аттестатының қол­данылу мерзімі өткен болса, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты күшін жояды. 11. Біліктілік аттестатының күшін жою туралы шешім күшін жою себебі көр­се­тіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкі­лет­ті орган басшысының (оны алмасты­ратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделеді. Біліктілік аттестатын қайта беру туралы өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган күшін жою туралы бұйрық қабыл­дан­ған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.